Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер құлаққаптың денсаулыққа зияны туралы ескертті

Дәрігерлер құлаққаптың денсаулыққа зияны туралы ескертті


Адамның сезу мүшелерінің ішіндегі ең сезімталы  құлақ. Құлағымыз болмаса біз ешқандай дыбысты ести алмас едік. Алайда, адам қартайған сайын оның барлық мүшелерінің қызметтері бәсеңдейді. Қазіргі кезде жастар өздерін өздері ерте қартайтып бара жатқан сияқты, деді Д. Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжінің ӘБК төрайымы, 1 санатты оқытушы, жартылыстану ғылымдары бойынша табиғи ғылыми пәндер циклінің меңгерушісі Айгүл Шакетова. Ұстаздың айтуынша, ұялы телефонға жиі үңіліп, көзіміздің көруін нашарлатамыз, ал құлаққапты үнемі тыңдап, құлақтың есту қабілетін бұзамыз.
«Музыка тыңдаған дұрыс-ақ,бірақ құлаққаппен емес, радиодан, магнитафоннан да тыңдаса болады, жастарымыз осыны ескерсе екен. Құлаққап бізге ыңғайлы, жақсы болып көрінгенмен, уақыт өте келе оның қандай ауруларға шалдықтыратынын ескере бермейміз. Бар қателігіміз осында. Адам құлаққапты пайдаланғанда біртіндеп кереңдік ауруына тап болады. Тап болып қалмай, сонымен қатар өзіне артық радиотолқын мен шектен тыс биоток қабылдайды. Бұл ағзада әртүрлі аурулар туғызады. Зерттеу барысында құлаққапты ұзақ уақыт, мәселен 3 сағаттан артық  тыңдағанда адамның бас миының тамырлары тарылып, оттегі жеткіліксіздігінен бас ауру пайда болатындығы анықталды. Бұны мен дәрігер маман ретінде ескертемін.
Сонымен қатар ашушаңдық, үрейлену, яғни стресс дамиды. Ең қауіптісі – құлаққаптың құрамында магнитті дыбыс тарататын құрылғы орналасқандықтан бұл құрылғының электр энергиясын көп қажет ететіндігі бар.Көпшілік құлаққап пайдаланушылардың телефон қуаты тез сөніп қалатыны да осы себептен. Құлаққаптың бірден әсер ететін мүшесі – құлақ. Ең бірінші көрінетін, белгі беретін ауру – кереңдік. Адам құлағы естімегендіктен көп ақпараттарды дұрыс қабылдай алмайды.Уақыт өте келе, жасы 45-тен асқаннан кейін естуі тіпті қиынға соғуы мүмкін», – дейді Айгүл Шакетқызы.
Құлаққап арқылы әртүрлі микроағзалар құлаққа таралуы мүмкін екен. Айгүл Шакетованың сөзінше, бұл отит, паротитті инфекцияны туғызады.Осының алдын алу үшін құлаққапты тыңдар алдында 70 пайыздық спиртпен өңдеп, тазартып отырған жөн. Ғалымдардың зерттеу нәтижесі бойынша,  қазіргі кезде ең көп микроағзалар болатын заттар – ұялы телефон, құлаққап, ақша.Сондықтан құлаққапты пайдалануды бірте-бірте қысқарту керек. Күніне 1 сағаттан артық тыңдауға болмайды. Осы уақыттың ішінде де адам радиотолқынды қабылдайтындығын ұмытпау керек.
Қадірменді ұстаз-дәрігер Айгүл Шакетованың кезекті бір сабағы осы құлаққаптың пайдасы мен зиянына арналыпты. Сабаққа 3 курстың «Мейіргер ісі» 3-топ мамандығының студенттері қатысып, өздері мұғалімдерінің бастамасымен зерттеушілік жұмыс жазып та шығарған екен. Мысал келтірсек, мәселен, студенттердің зерттеуінше құлаққапты жол үстінде немесе суық болған кезде тыңдаудан аулақ болған жөн екен. Бұл сіздің құлағыңызға зиян, тіпті өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.
Құлаққапта музыка ойнап, сіздің біраз жұмысыңыздың жеңіл бітуіне  септігін тигізуі мүмкін, алайда зиянсыз құлаққап болмайды, десті студенттер қауымы. Құлаққапты тек керек кезінде ғана қолданған жөн. Мысалы, ұялы телефонмен екінші бір адаммен сөйлескенде, сенсорлы телефоннан бөлінетін радиотолқынды азайту үшін қолдануға болады. Арнайы бір орында тұрып, сөйлескен жөн екен. Жолда жүріп сөйлесуге, сабақ кезінде сөйлесуге әрине болмайды. Ең бастысы, құлаққаппен кішкентай сәбилерге тыңдауға берудің қажеті жоқ.
Үйірме барысында студенттер ұстаздары Айгүл Шакетовадан көптеген ақыл-кеңес алды. Алдағы уақытта денсаулықтарын сақтау үшін айтқандарыңыздың барлығын ойымызда ұстаймыз десті студенттер. Stan.kz

20 қаңтар 2018 ж. 1 828 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930