Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қызға қырық үйден салынатын тыйым". Ол қандай?

"Қызға қырық үйден салынатын тыйым". Ол қандай?

"Қызға қырық үйден салынатын тыйым". Ол қандай?
Қазақта "Қызға қырық үйден тыйым" деп аталатын тәрбие бар. Яғни, қыздарымыз мынадай қырық істен тыйылу керек немесе барған үйлері тыю керек деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі e-islam.kz сайтына сілтеме қалдыра отырып.
  1. Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе, жалғыз қыдыруға тыйым.
  2. Үлкендер алдында жарыса сөйлеуге тыйым.
  3. Талтайып отыруға тыйым.
  4. Шалқайып жатуға тыйым.
  5. Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішті болмауды әрқашан ойлау.
  6. Орынсыз іске ұрынудан тыйым.
  7. Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама.
  8. Әурет жерлеріңді жап, ашық-шашық жүруге тыйым.
  9. Өзгелерге тіл және қол тигізуге тыйым.
  10. Кісіге қарап керілуге, есінеуге тыйым.
  11. Дастархан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле. Орынсыз сөзден тыйым.
  12. Ұрлық-қарлыққа тыйым.
  13. Адамды жерлеуге бара жатқандардан озба, жолын кеспе.
  14. Бұраңдап, қылымсуға тыйым.
  15. Қызыл іңірде жатып, түске дейін ұйықтауға тыйым.
  16. Жалқаулыққа, ластыққа тыйым.
  17. Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тыйым.
  18. Аш болсаң да, тоқ балсаң да Құдайыңды ұмытпа.
  19. Әдепсіз сөз айтудан тыйым.
  20. Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек. Үлкендердің атын атауға тыйым.
  21. Ішімдік-шегімдікке тыйым.
  22. Ұрыс-керіске тыйым.
  23. Беттен алуға тыйым.
  24. Әйелдер мен қыздарға ер киімі қонымсыз әрі Тәңірінің бұйрығында да жоқ нәрсе.
  25. Біреудің байлығына, дүние-мүлкіне, ақшасына сұқтанба.
  26. Түнде суға жалғыз баруға тыйым.
  27. Құран, намаз оқылып жатқанда сөйлеме, қозғалма, тұрып кетпе.
  28. Тарс-тұрс жүріс, қарқ-қарқ күлкіге тыйым.
  29. Ерді қорлауға, зорлауға тыйым.
  30. Жат жыныстылармен араласып жатуға тыйым.
  31. Адамды және жан-жануарларды тебуге тыйым.
  32. Бүйірін және жағын таянуға тыйым.
  33. Тәкәппарлыққа, сайқымазаққа тыйым.
  34. Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі алдындағыға қол созба.
  35. Шектен тыс жасануға тыйым.
  36. Қызғаншақтық, күншілдікке тыйым.
  37. Менмендік пен өзімшілдікке тыйым.
  38. Алдап-арбауға тыйым.
  39. Көрсеқызарлыққа, нәпсіқұмарлыққа тыйым.
  40. Тойымсыздыққа тыйым.
«Қамшы» сілтейді
02 наурыз 2019 ж. 2 019 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031