Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өз отаның – өзегің

Өз отаның – өзегің


«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай өткен партияның XVIII съезінде Елбасы айтқан сөздері тарих бедеріндегі орнын айқындайтын құнды дүние. Яғни, елімізді әлемдік деңгейге көтеріп, экономиканы, халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған ерекше сипатқа ие.
Бұл съезде жасампаздық пен дамудың 20 жылдығана орай ұйымдастырылғандықтан халықтың ұлт ретіндегі таным-түсінігі, қарым қабілеті, қастерлі қасиеттерді көрсете алуымен құнды болып отыр.
Адамның Отанға деген сүйіспеншілігі, ең алдымен, оның туған жеріне деген махаббатынан басталары сөзсіз. Еліне, жеріне деген махаббатпен игі іс жасап, өлкесінің дамуына толайым істер атқарып жүргендер аз емес. Ал, осы істердің ұйытқысы, қара шаңырағы Қазақстан екені айдан анық. Сол себепті де, тарихы тұнып тұрған елді-мекендерді түгендеп алып, оларды өскелең ұрпаққа дәріптеп, сананы кезең-кезеңімен тарихи тұрғыдан жаңғыртып отырсақ, өркендеуге өрісті қадам болмақ. Өзі өткенін ұлықтап, бүгінін бағамдаған елдің еш уақытта құлдырамайтыны белгілі емес пе?!
Жиында Елбасы бастамашылық еткен «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» атты жаңа бағдарламалар ауыл-аймақтарды дамытуға тың серпін береді деп ойлаймын.

Ерім Маханбетов,
Тұрсынбай Датқа ауылының ардагерлер ұйымының төрағасы.
02 наурыз 2019 ж. 672 0