Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Спорттың адам өміріне пайдасы 

Спорттың адам өміріне пайдасы 


Бұл мақаламызда спорттың адам өміріне пайдасы туралы айтқымыз келіп отыр. Салауатты өмір салтын ұстанып, түрлі аурудың алдын алуға болатынын жақсы білесіздер. Оның бәрі өзіңіздің қолыңызда. Бүгін біз сіздерге ауыр күйзеліске ұшырап, өз-өзіне қол жұмсағысы келген Клер есімді ару жайлы баяндаймыз. Ол емдеу курсынан толық өткен соң, өзінің өмірін түбегейлі өзгертуге бел буады.  Клердің жағдайы өте ауыр болғандықтан өмір бойы дәрінің күшімен отыруға мәжбүр болады. Өйткені оған адофамин мен серотанин жетіспейді. Оған көнбеген өрімдей қыз бұл дерттің алдын алатын басқа амалдарды қарастыра бастайды. Бірде Клер әйгілі Гиппократтың әртүрлі тақырыптағы жазбаларын оқып отырып, өзіне керекті күйзеліс жайлы айтқанын кездестіреді. Гиппократ өз жазбасында депрессиядан құтылу үшін жүзумен айналысуды, күн сайын жүгіруді әдетке айналдыруды, жалпы спортпен шұғылдану маңызды екенін айтады.  Спорт - көңіл күйді көтеріп, өз-өзіңізді көңілді сезінуге көмектеседі. Өйткені жаттығу барысында эндорфин гормоны көптеп бөлінеді. Ал ол гормонды - бақыт гормоны дейді. Ол адам жанын тыныштандырып, рахаттандырады. Бар болғаны жарты сағат жаттығу жасау сізді осындай ауыр аурудан аман алып қалады. Сонымен қатар жүгіру мен жүзу де өте пайдалы екендігін ұмытпағайсыздар.  Спортпен шұғылданатын адамдар өзінің денесін жақсы көре бастайды, денсаулығына мән береді. Сонымен қатар, терең дем алуды да үйренеді. Ал терең тыныс алу кезінде сіз күйзелісті есіңізге де алмайсыз. Міне, осындай күнделікті жаттығудың арқасында Клер өзінің ауруымен мәңгілікке қош айтысты. Қазір Клер спортты өмірлік серігіне айналдырып, ауруды атымен білмейді. Мұндай жағдай бәріміздің де басымызда тууы мүмкін. Сондықтан спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанайық, достар! Қызықты мақалалар: Спорттың пайдасы туралы
Жалқаулықты жеңудің ең жақсы әдісі 

Massaget.kz
22 ақпан 2019 ж. 2 088 0