Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ара балының адам денсаулығына пайдасы

Ара балының адам денсаулығына пайдасы


Балды тек қана нанға жағып жеуге немесе торт пісіруге пайдаланады деп ойласаңыз, қателесесіз. Өйткені оның құрамында адам денсаулығына пайдалы заттар жетерлік. Бүгін біз сіздерге сол туралы айтамыз.  1. Кішігірім жарақаттар мен күйіктерді балдың көмегімен емдеуге болады. Өйткені ол инфекцияны өлтіріп, қабынуды азайтады. 2. Қарақұмық балы қатты жөтелмен белсенді күреседі. Жатар алдында бұл балдың бір қасығын жеп жатсаңыз, көк жөтелдің алдын аласыз.  3. Даршын қосылған бал жүрек-қан тамыр ауруларына қарсы көмек көрсетеді. Және холестиринді азайтып, қан тамырларын қатайтады. 4. Балды адамдар құрғақ тері мен қайызғаққа қарсы да қолданады.  5. Сонымен қатар безеулі беттерге маска ретінде пайдаланады. Жатар алдында балды мақтаға жағып, безеудің үстіне қойсаңыз болды.  6. Қан қысымының көтеріліп кетпеуіне де әсер етеді. Оны жақында америкалық ғалымдар анықтады. Екі ас қасығы сізді қалыпты күйде ұстайды. 7. Балдың құрамында пайдалы заттар өте көп. Мысалы: темір, калий, кальций, магний, мырыш. Күнделікті тағамыңызға немесе шайыңызға бір қасық бал қоссаңыз, көптеген ауруға төтеп бересіз. 8. Бал адамдарға табиғи күш-қуат береді. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатын болсаңыз, бұл өнімнің сізге пайдасы мол.  9. Көп адам балды ағзаның тітіркенуіне қарсы пайдаланады. 10. Бал алкогольмен де белсенді күреседі. Қан құрамындағы алкогольді бірден жояды.  Мінеки, балдың адам денсаулығына пайдалы тұстары осындай. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік, достар!
Massaget.kz
28 тамыз 2018 ж. 2 267 0