Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда «Coworking» орталығы ашылды

Қазалыда «Coworking» орталығы ашылды



ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Қазалы аудандық кітапханасында «Сoworking» орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Салтанатты шараға Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Нұржамал Мырзамұратова қатысып, аудандық кітапхана ұжымына сәттілік тіледі. «Қазалы ауданында ашылған көше кітапханасы - республикада тұңғыш рет ұйымдастырылған жоба. Аталған жобаны өзге аудандар да өздеріне үлгі етіп, көше кітапханаларын ашты. Бұл - қуантарлық іс. Бүгінгі күні ашылған «Сoworking» орталығы аудан жастарына қолайлы орын болатыны анық», - дейді Нұржамал Мырзамұратова.
Сондай-ақ Арал, Жалағаш, Жаңақорған аудандарының кітапхана қызметкерлері де қонақ ретінде қатысты. Айта кетейік, «Сoworking» орталығында жастар мен жасөспірімдер уақытын тиімді өткізе алады. Бұл жерде аудан жастары көптеген қызықты акцияларға, зияткерлік ойындарға және тағы басқа шараларға қатыса алады. Сонымен қатар, орталықта шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнайтын орындар да бар.     
inform.kz
21 ақпан 2019 ж. 1 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (9381)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031