Кәсіптің көзін тапқан
Кез келген кәсіпкерліктің аяққа тұруына ақшаның қажет екені айтпаса да белгілі. Осы тұста «Бизнестің жол картасы – 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге төменгі пайыздық көрсеткішпен несиелер беріледі.
Сонымен қатар, қаржылай көмек іздеген кәсіпкерлер мемлекеттен 3 млн. теңгеге дейінгі көлемде қайтарымсыз негіздегі мемлекеттік грант ұтып ала алады. Берілген қаржы техникалық құрал-жабдықтар сатып алуға, франшиза құқығын иеленуге, материалдық емес активтерге қол жеткізуге және жұмысқа қажетті өзге ресурстарды алуға жұмсалуы керек. Мемлекеттік грант иегері атану үшін кәсіпкер бизнес-жоба ұсынады. Сондай-ақ, оған «Бизнес-кеңесші» оқыту курсынан өту және көзделген грант сомасының 10 пайызына тең мөлшердегі ақшаны жеке қаражатынан қамтамасыз ете алу мүмкіндігін растау талабы қойылады. Бизнес-жоспар байқау кезеңінде өңірлік координациялық кеңес тарапынан үздік деп танылса, оның иесіне мемлекеттік грант табысталады.
Облыстық комиссия алдында инновациялық бизнес жобасын қорғап, мемлекеттен қайтарымсыз грант жеңіп алған кәсіпкердің бірі – Рабиға Айтуғанова. Осыдан екі жыл бұрын оның жасанды қаптама тасқа қызығушылығы артып, жұмыс барысын зерттей бастайды. Кәсіпкерлік палатасының көмегімен Ресейдің білікті мамандарынан онлайн кеңес те алады. Р.Айтуғанова осы кеңестің кәсібінің дөңгелеуіне зор көмегі тиіп жатқанын жеткізді. Нәтижесінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында өткен жылдың мамыр айында мемлекеттен қайтарымсыз 600 мың теңге грант ұтып алып, жеке кәсібін бастауға кіріседі. Ол жұмысқа қажетті құрал-жабдықты Ресейден, ал, шикізатты Қарағандыдан алдырған.
– Бұл кәсіпті бастау оңай болмады. Ресейлік әріптестерден бөлек, инженер, дәнекерлеуші, электр саласының қызметкерлерімен ақылдасып кеңес алдым. Біраз зерттедім. Осы салаға қатысты кітаптар оқыдым. Нәтижесі жаман емес. Жуырда ғана Түркістан облысында өткен отандық өндірушілердің құрылыс материалдарының көрмесіне барып, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Маминнің оң пікіріне ие болдық, – дейді кәсіпкер.
Ғимараттың іші-сыртын тұтынушының қалауы бойынша Еуропалық стандартқа сай әрлеумен айналысатын Рабиға бүгінде 2 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта кәсібінің ауқымын кеңейтіп, жұмысшы күшті арттыру мақсаты бар екенін де жасырмады.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ.