Темір аспаннан түседі

Алла «Хадид» сүресінің 25-аятында былай дейді: «Темірді Біз түсірдік. Онда адамдар үшін үлкен қауіп және пайдалар бар» (яғни темірде адамдар үшін зиян бар, себебі, одан қару-жарақтар жасалады. Ал пайдасы одан тұрмысқа, шаруашылыққа қажетті әртүрлі заттар шығады)
Темір – жер бетіндегі таралымы жағынан алюминийден кейінгі ең көп кездесетін элемент. Ол жер қыртысының 5 пайызын құрайды. Соған қарамастан, астрофизиктердің зерттеуі бойынша, темір жерде емес, ғарыш әлемінде пайда болып, түзіледі екен.
Қалай дейтін шығарсыз. Иә, шынымен де темірдің көкте түзілетіні ғылымда енді ғана ашылып, дәлелденіп жатыр. Темір өте жоғары температурада, жүз бірнеше миллиондаған градуста түзіледі екен. Ал мұндай қолайлы орта жер бетінде жоқ. Сондықтан, ол бірнеше миллиондаған ыстық температурадағы жұлдыздардың ядросында пайда болады. Орасан зор жұлдыздардың ішіндегі темір массасы өзінің шегіне жеткен кезде жұлдыз оны ұстап тұра алмайды. Сөйтіп, іштен кернеген ыстық массадан жұлдыз жарылады. Темір массалары метеориттер күйінде ғарыш әлеміне шашыла ұшады. Бұл метеориттер ғарышта осылайша айналып жүреді. Ал, әлдебір аспан денесінің тартылыс аймағына тап болса, соның бетіне құлап түседі. Бұдан шығатын қорытынды, темір рудасы жердің өзінде пайда болмаған. Ол мұнда сыртқы ғарыштан, әлдебір жаңа жұлдыздың жарылысынан соң метеориттермен бірге түскен. Соңғы ғылыми зерттеулер осылай дейді.
Ал, ең қызығы, оның көктен түсетіні Құранда әлдеқашан айтылып қойған. Жоғарыдағы «Хадид» сүресінің 25-аятындағы «әңзәлнә» сөзі арабшадан аударғанда «түсу», «төмендеу», «құлау», «аспаннан түсу» деген мағыналарды береді. Яғни, темір аспаннан түседі. Оны «Аспан тасы» деп бекер атамаса керек.