Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШӘЙНЕКТЕГІ ҚАҚТЫ ТАЗАРТУДЫҢ БІР ӘДІСІ

ШӘЙНЕКТЕГІ ҚАҚТЫ ТАЗАРТУДЫҢ БІР ӘДІСІ



Уақыт өте келе шәугімнің түбіне қақ тұрып қалады. Оны тазартуға лимон қышқылы көмектеседі. Қақ – шәугімнің түбі мен қабырғаларына тұрып қалатын ізбесті тат. Ол су құрамындағы тұздан пайда болады. Қақ ағзаға енсе, бауыр мен несеп-жыныстық жүйесіне зияны тию мүмкін. 
Дүкенде ұсынылатын химиялық құралдар адам ағзасына зиян. Әрі ол шәугімді қаспақтан 100 пайыз тазартатынына кепіл жоқ. Сол себепті денсаулыққа еш зияны жоқ, әрі арзан құрал – лимон қышқылын пайдалануға кеңес береміз. 
Лимон қышқылының бір бумасын шәугімге салыңыз. Содан соң оған су толтырып, тұндырып қойыңыз. Қышқылы бар суды қайнатудың қажеті жоқ. Химиялық реакция бөлме температурасымен-ақ басталады. 
Тат еріген соң суды төгу керек. Содан соң шәугімге таза су құйып, 2 рет қайнатыңыз. Құрғақ матамен ішін жақсылап сүртіп шығыңыз.

Дереккөз: Reactor
31 қаңтар 2019 ж. 5 684 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31