Емен қабығының шашымызға пайдасы
Шашқа арналған емен қабығын үй жағдайында жеңіл әрі тиімді пайдалануға болады. Ол бас терісіне және шаштың кез келген түріне пайдалы әсерін тигізіп, шаштарыңызды мықты әрі жылтыр етеді. Алдымен емен қабығының көмегімен шашыңызға не жасағыңыз келетінін шешіп алыңыз. Мысалы: бояу, емдеу, күнделікті алдын алатын құрал ретінде қолдану. Емен қабығымен шаш бояу Емен қабығы шашыңызға әдемі қоңырқай және аздап қызғылт түс береді. Және де басқа бояуларға қарағанда табиғи түсімен ерекшеленеді. Мұндай бояу шаштарыңыздың түбін бекітіп, жылдам өсуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар, бас терісінің түрлі ауруларын емдейді. 2 стақан қайнаған суға 2 ас қасық емен қабығы мен 1 пияздың қабығын салып, орташа отта қайнатыңыз. Араластыра отырып жарты сағат қайнату қажет. Болған соң жылытып, қайнатпамен шашыңызды бірнеше рет шайып шығыңыз. Жайлап сығып, целлофан қаптамамен 1 сағатқа орап ұстаңыз. Соңынан қарапайым шампуньмен жуып тастайсыз. Майлы шашқа емен қабығын пайдалану 1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық емен қабығын және шайқурай салып, жай отта 10 минут шамасында қайнату қажет. Одан соң бастапқы көлемін қайтару үшін тағы да 1 стақан су құйып, суытыңыз. Жуынғанда шаш шаю үшін қолданыңыз. Түнгі қуаттайтын маска 1 шай қасық ұсақталған жалбыз жапырақтары, 1 шай қасық бақбақ және 1 шай қасық емен қабығын араластырып, үстіне 2 стақан қайнаған су құямыз. Қақпақпен жауып, жарты сағатқа қоямыз. Дайын қоспаны шаштарыңыздың түбіне жағып, орап, түнге қалдырасыз. Жоғарыда айтылған шөптердің барлығын дәріханалардан алуға болады.
Massaget.kz