Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түймебаев 27 жасында 7 баланың анасы атанған әйелге баспана сыйлады

Түймебаев 27 жасында 7 баланың анасы атанған әйелге баспана сыйлады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 27 жастағы көпбалалы ана Жазира Тұрғыноваға пәтер сыйлады. Бұл туралы желідегі парақшасында Сәбит Тастанбек жазды.
Жазира Тұрғынова еліміздегі ең жас көпбалалы ана. Күні кеше Жастар жылының ашылу салтанатында елбасы алдында сөз сөйлеген көп балалыана бүгінді баспаналы болды. Пәтер кілтін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев тапсырды. “Сіз еліміздегі жас аналарға, келіншектерге үлгі көрсеттіңіз. Алтын құрсақты анасыз. Баспанаңыз құтқа толып, ұл-қыздарыңыз көбейе берсін. Үй іші берекеге толсын. Бақытта ана болыңыз”, – деп тілек білдірді Жансейіт Түймебаев.

Жазира Тұрғынова өзі мен отбасы атынан алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Еліміздегі қыз-келіншектерді көпбалалы ана болуға шақырды.
Бүгінде отбасының тұңғыны 11 жаста. Кенжесі 7 айлық нәресте. Жазира 18 жасында тұңғышын өмірге әкеліп, ана атанған еді. Бұған дейін жас отбасы жәрдемақыға күн көріп отырғанын айтып, тілшілерге сұхбат берген еді.
Stan.kz 
25 қаңтар 2019 ж. 1 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30