Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда интернетсіз күн акциясы өтеді

Қазақстанда интернетсіз күн акциясы өтеді


Интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін, Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі  2019 жылғы 27 қаңтарда Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясын өткізеді.

Бүгінгі таңда балалардың смартфоннан немесе планшеттен алшақтауына келісім бермеуі әр ата-анаға таныс жағдай. «Тағы да 5 минут және болды», «Мен жаңа ғана алдым ғой» сияқты сөздер күнделікті шындыққа айналды. Дүниежүзілік статистика бойынша, халықтың шамамен 50%-ы қандай да бір әлеуметтік желіде, ал кейбіреулері тіпті бірден барлық әлеуметтік желілерге тіркелген.
Аталған іс-шара оқушыларды смартфондардан, компьютерлерден және жаһандық желіден алшақтату, бұл күнді тек қана шынайы әлемде өмір сүруге, жақын адамдармен қарым-қатынас жасауға немесе оны сүйікті хоббиіне арнауға көмектеседі.
Акциямен республикадағы барлық 1-11 сынып оқушыларын қамту жоспарлануда. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары 1-4 сыныптарға арналған «Интернетсіз күнді қалай өткіздім» атты сурет байқауын, 5-11 сынып оқушыларына арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» эссэ жазуды ұйымдастырады.
Жұмыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Facebook» әлеуметтік желісінің ресми парақшасында орналастырылады.
baq.kz

24 қаңтар 2019 ж. 2 578 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30