Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » “Опмай-опмай” әнінің орындаушылары оны хитке айналады деп ойламаған

“Опмай-опмай” әнінің орындаушылары оны хитке айналады деп ойламаған

Бүгінгі күні бірде-бір мерекелік кеш пен қазақ тойлары хитке айналған “Опмай-опмай (класстастар) әнісіз өтпейтін болды десек, артық айтқанымыз емес. Әндері арқылы қазақ эстарадасында сапалы туындылардың азайғанын жеткізбек болған “Азия” мен “Бақай” тобының мүшелері “Опмай-опмай” мұндай жетістектерге жетеді деп ойламаған. Бек Шәріп Stan.kz ақпараттық агенттігінің редакциясына ән жайлы әріптестері не айтқанын, әнді қалай хитке айналдыруға болатынын, Төреғали Төреәліге қатысты пікірін айтып берді.

Көптеген отандық әншілеріміздің хит ән жазып, аздаған уақыттың ішінде танылып кетуді көксейтіні белгілі. Ал екі топтың мүшелері ырғағы жеңіл, сөздері тез жатталатын, көңілді “Опмай-опмай” әні хит болып кетеді деп ойламаған.“Әннің хит болуы не болмауы Аллаға байланысты. Алла қалай бұйыртады, солай болады. Әннің жаманы болмайды, жаман орындаушы болады. “Азия” мен “Бақайдың” сахнада жүргеніне он бес жыл. Біз бірге шыққанбыз, өнер әлеміндегі жолымызды бір жылда бірге бастағанбыз. Өзімнің сахнада жүргеніме 19-20 жыл болды.
NNBek тобында да өнер көрсеттім. Халыққа не керектігін білеміз. Өнердегі әріптестерім осы әнге қатысты құттықтауларын айтып жатыр. Әрине, қотырдың дәл үстінен түстің дегендер де болды. Ән ұнаған соң, тойларға, мерекелік кештерге де шақырып жатыр. Опмай-опмайдың шыққанына бір ай ғана болды, тойлардың барлығы алда ғой”, — дейді ол.

Әнге түсірілген бейнебаян шыққанына бір ай толмай жатып, он миллион қаралым жинап үлгерді. Бек Шәріптің сөзінше, ол екі топтың бағын тағы бір мәрте жаққан әннің бейнебаяны осыншама қаралым жинайды деп ойламаған. Сонымен қатар, “Бақай” тобының негізін қалаушы бейнебаян түсіріліміне келуге уәде беріп, түсірілім алаңына келмей қалған Төреғали Төреәліге қатысты пікірімен бөлісті.
“Бір айда бір миллион қаралымға жетсе, керемет қой деген ой болды. Ал қазіргі көрсеткіш менің ойымнан он есе асып тұр. Бесеуміздің көкейімізде “миллион қаралым жиналса” деген ой болған шығар. Әрқайсымыз Құдайдан бір-бір миллионнан сұрағанда бес миллион шығады, Жаратушы Иеміз үстінен тағы да бес миллионның қосылғанын бұйыртып тұр ғой. “Бақай” тобының осыған дейін шығарған клиптері шамамен екі жүз мың, үш жыз мың қаралым жинайтын. Алдындағы бір клип оң мың қаралыммен тоқтап қалған еді. Ешқайсысы миллионға жетпеген.

Ал Төреғали Төреәлі түсірілім алаңына келмей қалды, лақтырып кетті деген бос әңгіме, бәрі олай емес, — дейді Бақай тобының мүшесі.
Сұхбат барысында, Бек Шәріп “Бақай” мен “Азия” тобы бірігіп тағы бір жақсы әндерді дайындап жатқанын сөз етті. Жаңа әннің сөзінде әзілдің араласуын ескерді.
19 қаңтар 2019 ж. 1 374 0