Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүркітші қыз Айшолпан Моңғолияда жоғары марапатқа ие болды

Бүркітші қыз Айшолпан Моңғолияда жоғары марапатқа ие болды



Бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы Моңғолияда жоғары марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың жарлығына сәйкес Баян-Өлгей аймағы Өлгей сұмынының мектеп оқушысы, бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы «Алтангадас» («Темірқазық жұлдызы». Сөзбе сөз «Алтын жұлдыз» деп аударылады - авт) орденімен марапатталды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бүркітші Айшолпан Нұрғайып «The Eagle Huntress» атты өзі туралы деректі фильмнен кейін әлемге танылды. Оған саундтректі атақты әнші Sia жазды.
Сондай-ақ, Айшолпан Нұрғайыпқызына жас шағында гендерлік тосқауылды еңсергені үшін Asia Game Changer Awards 2017 сыйлығы берілген болатын.
Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында моңғолиялық қандасымыз Қазақстанға арнайы келіп кетті. Сол тұста Айшолпан түскен «Көшпенділер» деректі фильмінің «Моңғолия қазақтары: Бүркітшілер» бөлімі жарияланды.
28 желтоқсан 2018 ж. 1 635 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930