Қызылордада Президент шыршасында балаларға «Bilim book» жинағы табыс етілді
Қызылордада 200 оқушы Жаңа жылдық Президент шыршасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы біріктіріледі Зырян ауданы мен қаласы түбегейлі Алтай деп аталатын болды Көкшетауда миграциялық қызмет орталығы ашылды Дәстүр бойынша мерекелік шараға 9-13 жас аралығындағы оқу озаттары мен өнерлі оқушылар, облыс бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілері шақырылды. Мерекелік іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жылдық құттықтауымен ашылды. Аталмыш шара барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев балаларды Жаңа жылдарымен құттықтады. «Бүгін республика көлемінде Елбасы-Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен Президент шыршасы ұйымдастырылуда. Сіздердің халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадаларда, шығармашылық және спорттық сайыстарда жетістікке жеткендеріңіз қуантады. Әрқайсыңыз болашақта Қазақстан Республикасының атын әлемге әйгілі етеді деп сенемін!» - деді аймақ басшысы. Оқушылар облыс әкіміне жан-жақты көрсетіліп жатқан қолдауы мен қамқорлығы үшін алғыс айтты. Іс-шара мерекелік концертке ұласып, балаларға арнап дастархан жайылып, сыйлықтар берілді - «Bilim book» жинағы (әртүрлі жастағы оқушыларға арналған оқу құралы) табысталды. Сонымен қатар, жаңа жылдық мереке аясында балаларға қала бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, «Рухани жаңғыру» орталығына, «Мұз айдынына» барды және облыс орталығының өзге де көрікті жерлерін аралады.
inform.kz
inform.kz