Көмекке зәру: Алматылық келіншектің денесіндегі меңі қатерлі ісік болып шықты
Алматыда 41 жастағы әйел көпшіліктен көмек сұрайды. Оның денесіндегі меңі меланома диагнозы деп танылды, деп хабарлайды КТК.

Туыстары 1 млн теңге қаражат жинап бергенімен ол емінен артылар емес. Отбасы үйді ипотекаға алғандықтан оны сату мүмкін болмай тұрғанын айтып, көпшіліктен көмек сұрады. Мария үш баланың анасы.
“Баспанамызды да сата алмаймыз, ем алатын жағдайымыз жоқ. Балаларым үшін қол ұшын беріңіздерші”,- дейді әйел.
Stan.kz