А дәрумені не үшін керек?
Денемізде болып жатқан жағымсыз өзгерістердің барлығын біз ағзадағы дәрумен жетіспеушілігімен байланыстырамыз. Бірақ, дәл сол дәрумендер туралы не білеміз? Бүгін ағзадағы маңызды А дәрумені туралы ақпаратпен бөлісеміз: А дәрумені не үшін керек? А дәрумен — иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне қажетті маңызды биологиялық қосылыс, сонымен қатар зат алмасу үрдісінің жұмысын тұрақтандырады. А дәрумені ретинол формасына ену арқылы ағзадағы барлық ұлпада (сүйектен бастап, бұлшық ет, ішкі ағзалар, тері мен тіс) кездеседі. Өсу мен жарақат (ауру) жазылуды қамтамасыз етеді. А дәруменінің маңызды қазметтерінің бірі ағзадағы бос радикалдарды байланыстыра отырып, олардың жағымсыз әсерін азайтады. Одан бөлек, қартаю және рак жасушаларының даму үрдісін баяулатады. А дәрумені сау тері үшін: Ретинол (А дәрумені) тері жасушалары мен ұлпаларының саулығын нығайту үшін, сонымен қатар, жарақаттан соң тез қалыпқа келуі үшін қажет. Ретинолдың маңызды қызметтерінің бірі – ағзадағы ұлпалардың қалпқа келтіруші коллаген синтезін жылдамдатады. Еске сала кетейік, жас ұлғаған сайын коллоген синтезі баялайды да, нәтижесінде теріге әжім түсе бастайды. Косметика мен арнайы жақпай майлардың құрамында А дәруменінің аналогы саналатын ретиноидтар болады. А дәруменінің күндік нормасы: Ер адамдар үшін – 900 мкг; Әйел адамдар үшін – 700 мкг; Жасөспірімдер – 600 мкг; Балалар – 300-400 мкг көлемінде тұтыну керек. Жүктілік кезінде әйел адамдарға күнделікті нормадан сәл көбірек қолдануға рұқсат етіледі. А дәурменің үздіксіз көп мөлшерде қолдану интоксинация, яғни, ағзада ыдырамай жиналып, улы затқа айналуына алып келеді. А дәруменінің жетіспеушілігі: белгілер Жартылай өнделген өнімдер, ұнды тағамдар, дәнді дақылдарды үздіксіз қолданысы А дәруменінің ағзадан қашуына алып келеді. Майсыздандырылған өнімдер жағдайды ушықтырып, ағзадағы бар А дәруменінің жойылуына алып келеді. А дәруменінің жетіспеушілігі адам иммунитетіне айтарлықтай әсер етеді: үздіксіз аурулар, тұмау мен жұқпалы дерттерге жиі шалдығу. Одан бөлек, көздің көруіне де әсер етеді. Тері құрғай түседі, шаш түсіп, тырнақ сынғыш болады. А дәруменіне бай тағамдар: А дәруменінің негізгі көзі – ет өнімдері, одан бөлек, уылдырық, балық және өзге де жануарлардың бауырларында, жұмыртқа, ірімшіктің барлық түрінде, сары май мен майлы сүзбеден алуға болады. Көкөніс пен жемістерде А дәрумені кездекенімен, олардың мөлшері өте аз. Сондықтан, ет пен сүт өнімдерінен бас тартпаған жөн.
Massaget.kz
Massaget.kz