Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Марстағы мұз көлдің суреті жарияланды

Марстағы мұз көлдің суреті жарияланды

Қызыл ғаламшарда 15 жылдан бері зерттеулер жүргізіп жатқан “Марс-Экспресс” зонды Королев кратеріндегі мұз боп қатып қалған үлкен көлдің суреттерін жіберді. Бұл суреттерді Еуропа ғарыш агенттігінің сайты жариялады. Зонд 2003 жылы 2 маусымда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылып, Марсқа сол жылдың желтоқсан айында жеткен. Содан бері ол Марс айналасында ұшып зерттеулер жүргізген. Сонымен бірге, зонд Қызыл ғаламшардың серігі саналатын Фобос туралы да көптеген мәліметтер жинаған. Адамзат басқа ғаламшарларда өмір сүре ала ма? Ғалымдардың пікірінше, Марста бұрын Жер шарындағыдай көлдер, өзендер және мұхиттар болған. Бұл судың үлкен бөлігі Қызыл ғаламшардың атмосферасы сияқты буланып кеткен. Қалғаны мұз болып Королев кратеріндегідей сақталып қалған. Осы мұз кейде буланып ғаламшардың суық белдеулеріне жаңбыр сияқты қайта түседі екен. Қызыл ғаламшардағы су қорының ең көп орналасқан жері де осы – 82 шақырымдық Королев кратерінде. Бұл жердегі мұздың жалпы ұзындығы шамамен 2 шақырымды құрайды. Масктың Марсқа қатысты 100 жылдық жоспары  Айта кетейік, осыған дейін біз Марста кейде мұздың еруінен судың болуы мүмкіндігін, бірақ ғаламшардағы төмен қысымға байланысты оның көп өтпей буланып жоқ болып кететінін және Қызыл ғаламшарда тұрақты түрде су бар екенін дәлелдейтін суреттер туралы жазған едік.

Massaget.kz
21 желтоқсан 2018 ж. 3 620 0