Мандариннің пайдасы мен емдік қасиеті
Ежелгі Қытайда мандаринді бақыт, байлық және ұзақ өмір сүрудің символы деп есептеген. Сол үшін де олар қонаққа бара жатып мандаринді сыйлыққа алатын болған. Өз кезегінде үй иесі де кетіп бара жатқан қонағына осы жемісті сыйлаған. «Мандарин» (Cіtrus retіculata) сөзі – қытай тіліне тәржімалағанда «бай адам» деген мағынаны береді. Партугалдар қытай шонжарларын «мандариндер» деп атаған екен. Бұл жеміс Жапония, Испания, Мексика жерінде өссе де отаны – Аспан асты елі. Мәңгі жасыл болатын ағашы бір маусымда 600 данаға дейін жеміс береді. Тіпті Қытайда 5000 данаға дейін жеміс берген мандарин ағаштары болған екен. Мандариннің емдік қасиеттері • Жөтелге қарсы пайдалы; • Қысқы уақытта адам ағзасына өте пайдалы витаминдерге ие; • Мандарин шырыны тері және тырнақтағы жараларды жақсы емдейді; • Мандарин ішектің жұмысын жақсартады және тісті қатайтады. Мандариннің құрамындағы қайталанбас зат (нобилетин) бауырда майдың жиналмауын алдын алады. Соның арқасында сезімдікке шалдықпайсыз. 100 грам мандаринде 42 калорий болады; • Асқазан-ішек аурулары іш өтумен ұласқан кезде, мандарин шырыны өте пайдалы; Сондай-ақ, оның қабығы бронхитке, тері ауруларына, іш кебуде, ұйқысыздыққа, жоғары қан қысымына қарсы өте пайдалы. Майо ғылыми орталығы мандариндер көңіл-күйді көтеріп, адамға оптимистік рух беретінін анықтаған. Бұл мәуенің құрамында лимон қышқылы өте көп. Сондықтан мандарин адамдарды көптеген зиянды бактериялардан қорғайды.
Massaget.kz
Massaget.kz