Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАУЫРСАҚ ПІСІРУДІҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ

БАУЫРСАҚ ПІСІРУДІҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ



 Ингредиенттердері өте аз: ұн, құрғақ ашытқы, тұз, қант және майонез.

Алдымен 1,5 ас қасық құрғақ ашытқыны жылы суға былғап, 10 минуттай көтерілуін күтеміз. Содан соң 1 кг ұнды шұңғыл ыдысқа салып, 100 грамм майонезді жақсылап араластырамыз. Үстіне 1 ас қасық қант, 1 шай қасық тұз салып, ашытқы қосылған суды құйып, илейміз.

Бұл жерде ең бастысы – жылы суды мөлшермен құю. Ұн илеуді бастағанда біртіндеп суды құйып, оның тым қоймалжың болып кетпеуін қадағалау керек. Егер суды көп құйып алып, қамырыңыз сұйықтау болып кетсе, үстіне еселеп ұн салып қойылтуға тура келеді.

Суды тым аз құйып, қамырды қатты илеуге де болмайды, әйтпесе бауырсағыңыз көтерілмей қалады. Сонымен, бауырсағыңызды ашытып болсаңыз, полиэтилен қалтаға салып, не үстелдің үстіне шұңғыл ыдысты төңкеріп, 1,5–2 сағатқа қоясыз.

Қамыр ашығаннан кейін оны 3-ке бөліп, әрқайсысын дөңгелектеп алып, майды қыздырып, пісіре бастайсыз.

Бауырсағыңыз дөңгелек болу үшін десеңіз, стақан, кесе, т.б. ыдыспен өзіңіз қалаған мөлшерде кесіп түсіресіз.


https://reactor.inform.kz/
17 желтоқсан 2018 ж. 1 322 0