Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр елінде сағат тілі ауысады

Сыр елінде сағат тілі ауысады


Қызылорда облысының сағаттық белдеуі табиғи уақытына сәйкес бір сағат кейін шегерілетін болды. Яғни, бұл өзгеріс желтоқсанның 20-сынан 21-іне қараған түні бастау алады. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы хабарлады. Айта кетейік, бұған дейін сенатор Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына осы мәселені көтеріп сауал жолдаған еді. Онда айтылғандай, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе облыстары бұрын бір сағаттық белдеуге тиесілі болған. Алайда, кейін Қызылорда мен Қостанай облыс­тары уақытты бір сағат алға жылжытты.
«Географиялық белдеу бойынша табиғи биологиялық уақыттан ауытқу халықтың денсаулығы мен көңіл-күйіне, күнделікті тіршілігіне теріс ықпалын тигізіп, жылдар бойы қалыптасқан өмір сүру ритмін бұзады», – делінген депутаттық сауалда.

Г.ӘБДІХАНИ.
15 желтоқсан 2018 ж. 5 702 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31