Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: уақыт бір сағат кейін шегеріледі

Қызылорда: уақыт бір сағат кейін шегеріледі

Қызылорда облысының сағаттық белдеуі табиғи уақытына сәйкес бір сағат кейін шегерілетін болды. Бұл туралы фейсбуктегі парақшасында Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін сенатор Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың атына осы мәселені көтеріп сауал жолдаған еді. Онда айтылғандай, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе облыстары бұрын бір сағаттық белдеуге тиесілі болған. Алайда, кейін Қызылорда мен Қостанай облыстары уақытты бір сағат алға жылжытты.
«Географиялық белдеу бойынша табиғи биологиялық уақыттан ауытқу халықтың денсаулығы мен көңілкүйіне, күнделікті тіршілігіне теріс ықпалын тигізіп, жылдар бойы қалыптасқан өмір сүру ритмін бұзады», – делінген депутаттық сауалда.
Зерттеулерге сәйкес мерзімінен тым ерте ояну созылмалы аурулардың асқынуына, қан айналымы жүйесі дертінің пайда болуына, қатерлі ісікке, суицидке, жол апатының көбеюіне, жаңа науқастардың туындауына әкеп соғуы мүмкін.
Сағаттық белдеуді ауыстыру қажеттілігі туралы қызылордалық қоғам белсендісі Болат Нұрқожаев та үнемі айтып, жиі мәселе көтеріп келген болатын.

http://www.syrboyi.kz/
11 қазан 2018 ж. 4 973 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031