ҚОР БІРІКСЕ, БЕРЕКЕЛІ БОЛА МА? ҚАҢТАР 6, 20181140
Елбасы жақында БАҚ өкілдерімен құрған сұхбатында еліміздегі Ұлттық қор мен Зейнетақы қорын біріктіру туралы ұсыныс айтты. «Мәселен, Норвегияның жақсы тәжірибесі бар – олар зейнетақы және ұлттық қорын біріктірді. Бір қор пайда болды, адамдар, бәрі үшін нық әрі сенімді қорға айналды. Бізде осы жолды таңдармыз. Бұл қаржыны Үкімет бақылауынсыз қалдыруға болмайды. Қалай болғанда да мемлекет зейнеткерлер алдында зейнетақы үшін жауапты», – деді Қазақстан Президенті. Дегенмен сарапшылар бұл мәселеде ашықтық талап етілетінін алға тартып отыр.
Бұған дейін…
Зейнетақы қорларын жеке сектордан бірыңғай жинақтаушы жүйеге біріктіру туралы бастаманы да Мемлекет басшысы көтерген еді. Оның нәтижесін қазіргі жас буын зейнеткер атанғанда көретін болады. Әзірге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының көрсеткіштері көңілге демеу. Мысалы, қордағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 2017 жылдың 1 желтоқсанында 7,67 трлн теңгеге жеткен, яғни 2016 жылмен салыстырғанда зейнетақы активтерінің өсімі – 14 пайыз. Қор қаражатын инвестициялаудан түскен табыс 2017 жылдың қаңтар-қараша аралығында зейнетақы жинағының 7,15 пайызын құраса, инфляция 6,3 пайыз болды. Демек, қаражат бос жатқан жоқ, тым құрығанда инфляция деңгейінен жоғары табыс әкелді. Әлемнің көптеген елі зейнетақы активтерінің толағай табыс береріне кепіл болмайды. Дамыған мемлекеттердің кейбірі салымшыларға инфляциямен салыстырғанда 0 пайыздық инвестициялық табысты ғана уәде еткен. Сондықтан байбалам салып немесе бас сауғалап кетуге артық себеп жоқ. Дегенмен Мемлекет басшысының зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы тапсырмасынан кейін Ұлттық банк Үкіметке өз ұсынысын жолдап, болашақта зейнетақы активтерін жеке инвестицияны басқарушы компанияларға беру туралы бастама көтерді. Мұны да қоғам болып талқылаған едік. Кейбір мамандар мұндай жүйеден, тек жеке компаниялар ғана жоғары комиссия қою арқылы қалтасын қампайтатынын, салымшылар одан зардап шекпесе, қамсыз қарттығына кепіл бола алмайтынын айтқан. Өйткені бізде мемлекеттік құнды қағаздардан басқа инвестиция көзі жоқ. Қор нарығы болса енді ғана аяққа тұрып келеді. Десе де, қаржылық реттеуші біраз уақыт бұрын шетелдік инвестициялық банктердің біріне зейнетақы активтерін біраз бөлігін басқаруға беру туралы шешім шығарғанын хабарлады. Әліптің артын бақсақ, оның да нәтижесін көрер күн туар.
Осыған дейін Елбасы екі қордың қаражаты да мемлекет экономикасын көтеруге бағытталуы тиіс деген сыңайда пікірлер айтқан болатын. Мысалы, «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында «Зейнетақы жинақтарын бизнесті несиелеу үшін шығындауды доғару керек. Бұл қаржы тек ел бюджеті тапшылығын толықтыру үшін ғана пайдаланылатын болады. Бизнеске халықаралық қаржылық институттары беретін қаржы да жеткілікті», – деді Н.Назарбаев. Бұл – «зейнетақы қорының қаржысына Ұлттық қор қаржысы сияқты қарап, басқару қажет» деген сөз. Демек, Мемлекет басшысының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Ұлттық банк басшысына елдің ең негізгі екі қорын біріктіру мәселесін қарастыруды тапсыруы тосыннан туған ой емес екені анық.
Мамандар не дейді?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова Үкімет отырысынан кейінгі кулуардың бірінде БАҚ өкілдеріне әлі нақты шешім қабылданбағанын жеткізген еді. «Бұл туралы Елбасы тапсырма берген. Сол бойынша Ұлттық банктің басшыларымен жұмыс тобын құру бойынша келісіп жатырмыз.
Жалпы, бұл – жақсы практикалардың бірі. Сондықтан сарапшыларды шақырып, ақылдасып, пікірімізді айтамыз» деді министр. Ұлттық банк басшысы Д.Ақышев Норвегиядағы жүйенің қалай жұмыс істейтіні әлі де зерделенетінін айтты. БЖЗҚ басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева да журналистердің сауалына «Мәселе жинақталған қаржыны, зейнетақы активтерін басқару
моделі туралы болып отыр. Жуырда Ұлттық банк түсініктеме берді. Олар бұл идеяны жан-жақты зерделеу қажеттігін жеткізді. Норвегиялық зейнетақы және сақтандыру жүйесінің өзіндік ерекшелігі бар. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарына тек банк өкілдері ғана емес Қор мамандары да жұмылдырылады», – деп жауап берді.
Тәуелсіз сарапшылар «Егер екі қор біріксе, халықтың қарттығыма демеу болар деп жиғаны жария түрде басқарыла ма?» деген мәселе туындайтынын алға тартуда. Мысалы, экономист Мақсат Халық еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының біріне осындай пікір білдірген.
– Мұны екі бағытта қарастыруға болады. Өйткені Ұлттық қор бастапқыда дағдарыс немесе бюджет тапшылығы туындаған кезде қаражатын мақсатты түрде пайдалануға жұмсаймыз деп құрылған. Зейнетақы қорының мүлдем басқа мақсатта құрылғаны түсінікті жағдай. Мемлекет ол қаражатты қаншалықты көбейте алады немесе тиімді пайдаланады деген ол – екінші мәселе. Себебі, 2016 жылы да зейнетақы қоры инфляциядан жоғары табыс алған жоқ, 2017 жылы да солай күтіліп отыр. Бұл – жиналған қаражатты инфляция «жеп қойып жатыр», толық ақталып жатқан жоқ деген сөз. Сондықтан егер екі қор бірігетін болса, онда оның ашықтығы қандай деңгейде болады деген мәселе туындайды. Мұнда барлығы халыққа толық айтылып, жеткізіліп отыруы керек – дейді ол.
Сонымен бірге, мамандар тарапынан екі қорды біріктіру туралы ұсыныстың неден пайда болғанына қатысты долбарлар да айтылып жатыр. Тәуелсіз сарапшы, қаржыгер, Расул Рысмамбетовтің айтуынша, екі қордың инвестицияларындағы шығын осыған итермелеген болуы мүмкін. «Негізі, екі қордың да қаражатын қаржыгерлер басқару керек болған. Бірақ мұнда саяси шешімдер көп әсер етеді. Проблеманың түп-тамырында теңгерілмеген бюджет саясаты жатқан болуы мүмкін. Себебі, Ұлттық қор да, БЖЗҚ да мемлекеттік құнды қағаздар арқылы бюджет тапшылығын қаржыландырады. Одан бөлек тиімділігі ешқашан талдана бермейтін бағдарламалар мен түрлі жобаларды қаржыландыруға жұмсалады. Ең үлкен бағдарламалардың бірін, мысалы, Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын алып қарасақ, оның бірде бір жобасы активтердің қайтарылуы туралы мәліметтерді жариялаған жоқ. Яғни, жоба инвестицияны қалай қайтара алды? Бұл –біріншіден, мемлекет қаражат шығындары мен бюджеттік проблема. Өкінішке қарай, қазір Үкімет пен саясаткерлер Ұлттық қор мен БЖЗҚ-ға «қосымша әмиян» ретінде қарайды. Негізінде, бюджет тек жинақталған салыққа негізделуі керек. Қазір шығындарымыздың 50 пайызы ғана салықтан құралады. Осылайша, алдымызда «не біз екі қордың да қаражатын түбегейлі тауысамыз, не болмаса бюджеттік шығындарды азайтамыз» деген мәселе туындайды. Яғни, көрпемізге қарап көсілу қажет» дейді ол.
Әлемде қалай?
Норвегияның Мемлекеттік ғаламдық зейнетақы қоры 2006 жылы құрылған. Оның негізін 1990 жылы дүниеге келген Мемлекеттік мұнай қоры құрайды. Қордың нарықтағы құны 2005 жылдан бері Норвегияның ІЖӨ-нен жоғары көрсеткішке ие. 2014 жылы әлемдегі активтері ең таза мемлекеттік қорлар арасында екінші орынды иемденгені тағы бар. Бұқаралық ақпарат құралдары ондағы халықтың қор жұмысына деген сенімі жоғары екенін жазған. Қордың инвестициясын басқару Норвегияның инвестициялық банкінің еншісінде.
Біз Норвегияның тәжірибесін зерттейміз деп тырмысып жатқанда, солтүстіктегі көршіміз бізден бір қадам алға кетті. Deutsche Welle ақпараттық порталы Ресейдің Резервный фонд және Фонд национального благосостояние (ФНБ) атты екі қоры 2008 жылы Тұрақтандырушы (Стабилизационный фонд) қорды бөлу арқылы пайда болғанын жазды. Қазір оны қайта біріктіру туралы шешім шыққан. DW бұған Резервный фонд қаражатының таусыла бастағаны түрткі болып отыр деген долбар келтірген. Vestifinance порталының хабарлауынша, ресей билігі ФНБ қаражатын 2018 жылы соңғы рет бюджет тапшылығын толтыруға жұмсауды жоспарлап отыр. Осылайша, келер жылдан бастап қор қаржысы тек қана зейнетақы жинақтарына жұмсалуы мүмкін.
Көршіміздегі ахуал қалай өрбісе де біздің мақсатымыз бөлек екені анық. Ең бастысы, Мемлекет басшысы әрбір азаматтың зейнетақы алатынына кепілдік берді. Қазіргі қабылданып жатқан шешімдер мен айтылып жатқан ұсыныстар жақын арада зейнетақы жүйесін шын мәнісінде, жаңғыртатындай көрінеді. «Келісіп пішкен тон келте болмас» демекші, бұл мәселеде де халық пен нарықтың қалауы ескеріліп шешім қабылданады деген үміттеміз.
Кәмила ДҮЙСЕН