Асқардың алар асуы алда
Елең-алаң, бозалатаңнан кешкі ымырт жамылғанша шаруасын күйттеу «Алтын дән-Шиелі» шаруа қожалығының төрағасы Асқар Бердібаевтың күнделікті әдетіне айналған. Егістік алқаптары ана шеті ат шаптырым «Ыбырай Түбегінде» болса, мына шеті көз ұшындағы «Ашаға» орналасқан. Кешегі еліміздегі жекешелендіру саясатының пайдасы да, зияны да аз болған жоқ. Ұйып отырған Ы.Жақаев колхозы қас-қағымда тоз-тоз болып шыға келді. Гараж тола техникалар мен иіп жатқан жер-ана, бөліске түсіп, тілім-тілім ұшпаққа айналды. Жер қадірін түсінетіндер күнкөріс бағытында аз-кем тірлік жасап, қолы қысқалар шабаттай шатқаяқтап қалып жатты.
Дала академигі, ақ күріштің атасы атанған, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың ауыл тұрғындарына сырт көздер сынай қарап, «мыңға» бөлінген шаруашылықтың болашағына да сенімсіздікпен қараған еді. Ауылға бас-көз болатын қариялар да сиреп, алыпқашпа жастар «бөлінгенді бөрі жейді» деген қазақ даналығына күле қарап, мазаққа да айналдырып жататын. Сиқырлы саясатты айналып өткен ауылдар (мысалы, Шаған, Н.Ілиясов, Бесарық т.б.) сол кезде-ақ, ұжымшар, кеңшар қалпын сақтап, ортақ қазанын қайнатып, бүгінде танымастай көркейген, заманауи қала тиіптес гүлденген, экономикасы мен мәдениеті дамыған, тұрғындары ауқатты, бақуатты тұратын өркениетті ауылдарға айналғаны белгілі. Сондай-ақ, осы Ы.Жақаев ауылын атына сай ұстап қалуға не кедергі болды екен?
Өткен ғасырдың 1964-ші жылдары дүниежүзін дүрліктірген жақаевшылар қозғалысы, одан тәлім-тәрбие алған күрішшілер, аға буын өкілдер қайда қараған? Міне, осындай ойлар мен толғаныс ауыл түлегі, жас жігіт Асқар Айтуарұлын көп мазалайтын. Қазақтың жалынды ақыны М.Жұмабаевтың: «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін» деген өлең жолдары да көмейін жыбырлатып, кеудесін кернеумен болды. Көпшілік жер үлестерін алып, туталапай болып жатқан шақта Асқар да «Еркін» шаруа қожалығын құрып, еркіндік алғандай сезінген. Алғашқыда бәрі қызық көрініп, 20 гектар күріш егіп, мәз болысқан. Бірақ, қоңыр күзде сол егінді жинап алу – бір ақыреттей көрінген. Асқар сонда алғашқылардың бірі болып, майда шаруашылықтардың техникасыз алға баса қоюы қиын екендігін сезген, байқаған төрағалардың сапында еді. Оның үстіне бұндай тірлік даңқты Ыбырай атасының атына да, ауылына да лайық емес екендігін көкейіне алаңсыз түйіп те қойған болатын. Сегіз жыл өзінше әрекет жасаған Асқар, 2010 жылы он шаруа қожалығының басын қосып, іріленуге келісіп, «Алтын дән-Шиелі» шаруа қожалығын құрады. Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішті болмауды әрқашан ойлап жүретін Асқарды әріптестері бірауыздан төраға етіп, сайлап алады. Туасы адамды екі нәрсе қартайтпайды екен, бірі – жақсы мінез болса, екіншісі – жақсы сөз көрінеді. Сондай-ақ, шаруашылық төрағасы қарапайым, сабырлы, көпшіл біреуге арамдық ойламайтын, қайырымды мінезге бай ел азаматы. Сондықтан болар, аз сөйлеп, көп тыңдайтын, сөзге шешен, қарамағындағы кісілермен тез тіл табысып жүре беретін қасиеті бар. Сол пейілінің кеңдігі, қолының ашықтығы болса керек, ол Ы.Жақаев ауылында өтіп жатқан іс-шаралардың барлығына демеушілік етіп келеді. Қай жерде болсын, адам ісімен танылады. «Рахат іздесең – бейнетінен қорықпа» демекші, еңбек қана құрметке бөлейді. «Егер қадірлі болғың келсе, халқыңның қадірін біл» деген қағиданы ұстанған Асқар егіс басында, шаруашылықтың басы-қасында жүрген егіншілер мен механизаторларға «бір дәнің мың дән болсын» деп, тағылымды сөздерін айтып жүреді. Жақсы сөз оларға жігер, күш-қайрат беріп, еңбекке ынталандырады, құлшындырады. Қазір ұжымдағы адамдар саны да артып, жер көлемі 1200 гектарға жеткен. 2017 жылы шаруа қожалығы 800 га күріш дақылын егіп, 67 центнерден өнім келтірсе, 2018 жылы 900 га Сыр маржанынан 67 центнерден сапалы өнім алған. Құнарлығы төмендеген ескі жерлерді агротехникалық талаптарды сақтай отырып, 600 тонна минеральдық тыңайтқыштарымен қоректендіріп, жылдан-жылға өнім көлемін арттыра түсуде. Жылда мол өнімге қол жеткізіп келе жатқан звено жетекшілері үстіміздегі жылы Асхат Қалекеев 70 гектар күріш егіп, 75 центнер өнім алса, Серікбай Сейтімханов 72 гектардан 72 центнерден өнім келтіріп, ал, Әзім Маматәлиев 68 гектар жерден 70 центнерден күріш жинаған. Егін жинау науқаны кезінде жаткистер Әшірхан Төребеков, Тұрар Махатовтар, дән бастырушы комбайнерлер Серік Сәрсебеков пен Бағлан Дінисламовтар ұжымды өрге сүйреді. Сонымен қатар, егін-терімді ысырапсыз, уақтылы жинап алуда төраға орынбасары Ақылбек Нұртөреев, жұмысшылар Нұржан Рспанбетов, Жанайдар Әлиев, Құрбан Дәткеновтер асқан ұйымшылдық танытты.
– Шаруа қожалығында бір «Магдон» жаткасы, екі «Торум» және үш «Енисей» комбайндары бар. Олар жаңа болғандықтан, біз көп қинала қойғанымыз жоқ. Оның үстіне жігіттеріміз де жарап тұрды. Құдай қаласа, келер жылы егілетін күріш көлемін 1200 гектарға жоспарлап отырмыз – дейді, шаруашылық төрағасы. Дән даласында ала жаздай еңбек етіп, «Алтын күз-2018» мерекесінде еңбегі еленіп, облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қолынан Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасын алды. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауынан көкейге көп нәрсе түйдік. Енді біз халқымыздың әл-ауқатын жақсартуымыз керек. Олардың табысын молайтып, тұрмыс жағдайларын жақсартуға тиіспіз. Ол үшін аянбай тер төгіп, егіс көлемін ұлғайтып, онан көл-көсір өнім алуымыз қажет. Қожалықта күріштен бөлек 200 гектар жоңышқамыз бар. Оны тәжірибелі диқан Мұқатай Сексенбаев баптап, гектарына 35-40 центнер жоңышқа жинап жүр. Осыдан өз жұмысшыларымызға және жер үлесі бар девиденттерге бір көліктен жоңышқа шөбін, екі қаптан ақ күріш тегін таратылады. Алдағы уақытта мұнан басқа да жеңілдіктерді қарастыратын боламыз. Биыл шаруашылықтың екі қабатты кеңсе үйін соғып алдық. Жұмысшылар зәулім ғимаратқа келіп, шаршағандықтарын басады, мәдениетке ұмтылады, жиналысымыз да, концертіміз де осында өтеді. 20 техникаға арналған гараж бітуге жақын. Техникаға да жанашырлықпен қарамасақ, күтпесек тоз-тозы шықпай ма? – дейді шаруашылық төрағасы.
Басты жаңалығымыз – тәулігіне 50 тонна күріш өңдейтін зауыт құрылысын бастадық. Алған өнім өңделіп, сыртқа сатылатын болады. Қалған тірліктерімді сәл құпия ұстай тұрамын – деп, кеудесіне бірнеше орден, медальдар таққан, отызында орда бұзған сымбатты жас жігіт Асқар Айтөреұлы әңгімесін аяқтаған сыңай танытты. Жылтырағанға көз салатын әдетіміз емес пе, Асқар 2016 жылы «Кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін» медалімен, мекемені тиімді басқарғаны үшін «Жыл маманы» орденімен, 2017 жылы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төсбелгісі «Еңбек даңқы» медалімен, жас жақаевшы «Ы.Жақаев-125 жыл» мерекелік медалімен, 2018 жылы агроөнеркәсіп саласында еселі еңбек етіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Елеулі еңбегі үшін» ордендерімен марапатталыпты.
Еселі еңбегімен елдің берекесін келтіріп жүрген Асқардың сүйген жары, отбасының ажары Рахима Нұрлыбаева да ауылдық пошта торабының меңгерушісі ретінде ауыл тұрғындарына қалтқысыз құрмет етіп келеді. Жұмыстан шаршап келгенде алдарынан үш ұлдары жүгіріп шығып, дүниені ұмыттырып жібереді. Ыбырай атамыз бақытын еңбектен, қара кетпеннен тапқан жоқ па? Олай болса, Асқардың алар асуы алда, тек алға.
Жақында, «Балапанды күзде санайды» дегендей, облыс диқандары аймақ төрінде басқосып, жыл бойы еткен еңбектің жемісін тойлады. Қуаныштысы сол, осы жиында Шиелі ауданы «Егін шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен аудан» атанып, бірінші орын алды. Осындай мәртебелі жеңісте өзгелермен қатар А.Бердібаев басқаратын «Алтын дән-Шиелі» шаруа қожалығының да қомақты үлесі бар. Ол жасампаз еңбекшілердің жеңісі.
Өркен ИСМАИЛ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі.