Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлер хартиясы:жемқорлықпен күрес – баршаның борышы

Кәсіпкерлер хартиясы:жемқорлықпен күрес – баршаның борышы


Сыбайлас жемқорлықпен күресуде жалпы алғанда, қоғамдағы мұндай теріс сипаттағы әрбір құбылысқа бей-жай қарай алмайтын кәсіпкерлер өз Хартиясын қабылдаған болатын. Бүгінгі күнде осы хартияның мақсаты – бағыт-бағдары және нәтижесі жөнінде әңгіме қозғау уақыт талабы.
Кез келген елдегі орын алған жемқорлық көріністерге, оның ішінде қол ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қарсы азаматтық қоғамның пікірі, ой еркіндігі, тікесін айтсақ наразылығы болады. Осы наразылық пікір кәсіпкерлердің съезінде талқыланып, хартия түрінде рәсімделіп, еліміздің барлық кәсіпкерлер ортасына, барша қауымға ғаламтор жүйесі арқылы таратылды.
Хартияның саяси сипаты – бұл мемлекеттің, Елбасының саясатын насихаттап, қолдайтындығында жатса, құқықтық сипаты – азаматтарды заң бұзушылықтан сақтандыру болып табылады. Және бұл құжат жалпы халыққа жарияланып, бұқаралық сипат алған.
Жалпы алғанда, құжат кәсіпкерлердің барлығы бірігіп, қоғамдағы өзгеріске, оның ішінде теріс сипат алған құбылыстарға өз пікірін, қарсылығын білдіруі.
Хартияда кәсіпкерлердің міндеті – еліміздің сыбайлас жемқорлықпен күресте нендей үлес қоса алатындығы анық жазылған.
Біріншіден, әр кәсіпкер өзінен бастайды. Қалай дерсіз?! Кәсіпкер де бір ұжымның басшысы. Оның мекемесінде ондаған, тіпті жүздеген адам жұмыс істейді. Хартияда көрсетілген міндет бойынша ол өзі басқаратын кәсіпорында сыбайлас жемқорлықты болдырмауға жауапты бір қызметкерді тағайындайды.
Екіншіден, кәсіпорын басшысы мекеменің ішкі бағдарламасын қабылдайды. Бұл бағдарламада мекеме басшысының міндеті, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, құқықтық органдармен байланыстың болуы, бір сөзбен айтқанда сыбайлас жемқорлықпен күресті жүзеге асыру барысы осы бағдарламада толық көрсетіледі. Съезде хартияға қол қойған кәсіпкердің барлығы да сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін өзі басқаратын мекемеден бастау керек.
Бұл жерде бір мекемеде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу­ге, жемқорлықтың алдын алуды өз ішінде бақылайтын, соған ­жау­­а­п­­­­­­­­­­­­­ты қызметкер болуы шарт. Ол мекеме­дегі жағдайды бақылаушы, сыбайлас жемқорлықтың алдын­ алуды бақылайды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда ұжымда насихат жұмысын жүргізеді. Тіпті, әр қызметкермен жеке-жеке жұмыс жасап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға барынша ықпал етіп, жұмыс жүргізеді. Жемқорлық түбі жақсы болмайтынын түсіндіру бір адамға жүктеледі. Бір сөзбен айтқанда, хартияның айтпағы – Елбасының елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресте көрсеткен бағыт-бағдарын қолдау және өзінен бастау. «Біз де жемқорлықпен күресуге дайынбыз» деп үн қосуы. «Қоғамның белсенді тобы ретінде біз де қарсымыз» деген кәсіпкерлердің үні.
Хартияда көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлықпен күресті кәсіпкер өзінен бастау керек. Өз ісіне адал, қолы да, ары да таза кәсіпкер жемқорлыққа жол бермеуге тиіс.
Бұл мақсатта хартияда тарауларға бөліп көрсетілген. Мәселен, кәсіпкердің мемлекеттік органдармен байланысы, серіктестермен байланыс жасау, мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуда заңсыздыққа жол бермеу керектігі бәрі-бәрі анық жазылған. Сонымен қатар, кәсіпкердің жариялылыққа жақын болуы да осы құжатта айқын көрсетілген.
Тұжырымдап айтқанда, хартия – әрбір кәсіпкердің, әсіресе басшылық қызметтегі кәсіпкердің бизнес жүргізуде әдеп кодексіне айналуы тиіс.
Бұл облыстық кәсіпкерлер палата басшысы Ғ.Жақсылықовтың облыстың барлық кәсіпкерлеріне арнаған үндеуі деп біліңіз. Сондықтан, осы сұхбатпен сіздің газет арқылы барлық кәсіпкерлер назарына бұл талапты жеткізсек деген ойымыз бар.
Жеткізумен қатар, кәсіпорын басшыларына жемқорлықпен күресте жауапты қызметкерді белгілеп, сол ұжымның ішкі бағдарламасын қабылдау сұралады.
Хартия кәсіпкердің де мүддесін қорғауға бағытталған және өзін қорғап қалу ғана емес, өзі бас болып жемқорлыққа жол бермеуді мақсат еткен.
Орайы келгенде мына бір жаңалықты айта кетейін. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өзінің сайтына құжаттарды дайындау бағдарламасын енгізді. «BestProfі» компаниясымен бірлесіп «Келісім-шарттар конструкторын» жасады.
Яғни, кез келген кәсіпкер «www.contract.atameken.kz» сайтына кіріп дайын құжатты пайдалана алады. Бұл сервистік қызмет кәсіпкерлер үшін үлкен көмек екені даусыз.
Қоғамдағы кез келген құбылысқа бей-жай қарай алмайтын, өзіндік пікірі мен көзқарасы бар азаматтар дер едім. Бұл хартияның өзі заң бұзушылықтан өзін қорғау мақсатында емес, жемқорлықпен күресуде өзі бастап елді шақыру оның ел, қоғам алдындағы борышын көрсетеді.

Р.Нысанханов,
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы
филиал директоры.
20 қараша 2018 ж. 833 0