Жедел жадтың жаңа дәуірі
Қазір флагман смартфондардың көбі 6 немесе 8 GB жедел жадқа ие. Бірақ Xiaomi жақында жедел жады 10 GB болатын Mi MIX 3 смартфонын шығарды. Бұдан кейін 10 GB жедел жады жаңа тұрақты деңгей болып көрінгендей болған, сөйтсе жедел жады одан да көп чипсет бар болып шықты. Micron компаниясы 7 қарашада екінші буындағы 12 GB-тық LPDDR4X чибін шығаратынын мәлімдеді. Чипсеттің мәліметті жіберу жылдамдығы – 4266 Мбит/с. Бірінші буындағы LPDDR4X-4266 чибіне қарағанда жаңа RAM-ның қуатты жұмсау жиілігі 10%-ға төмендетілген. Технологтар мұндай көрсеткішке 10 нанометрлі процесс арқасында жеткен. Жедел жад қандай қызмет атқарады? Жедел жад – процессормен жұмыс істейтін кез келген құрылғыда болатын бөлшек. Шартты түрде смартфонның жедел жадын алып қарайық. Егер смартфон жедел жадының көлемі аз (2-4 GB) болса, оның жұмыс өнімділігі нашар болады, бірнеше бағдарламаны қатар қолдану қиындайды, жұмыс істеп тұрған процесстерді тоқтатпайынша жаңа процесстер дұрыс жүрмейді. Жедел жадта не сақталады? Смартфонның екі жады бар: бірі – негізгі ішкі жад, екіншісі осы – жедел жад. Ішкі жадта тұрақты, көлемді (бағдарламалар, медиафайлдар т.с.с.) деректер сақталады, ал жедел жадта тұрақсыз, көлемді деректердің драйверлері мен қосымшалары сақталады. RAM көлемі 4 GB болса, ешбір бағдарлама қолданылмағанның өзінде оның жартысы бос болмай тұратыны бар. Оларды батарея деңгейін көрсетіп отыру, графикалық адаптер, процессор жиілігі сияқты “смартфонның тыныстауына” жауап беретін процесстерге жұмсалады.
Massaget.kz
Massaget.kz