ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫ ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ
Тұмаудың алдын алу және оны емдеу жолдары
Тұмаудың алдын алу үшін таңертеңгі және кешкі уақытта бетті суық сумен жуып, кешке қарай аяқты жылы суға салса, ағзаның ауруға қарсы күресу қуаты артады.
Тамақтан кейін ауызды тұзды сумен үнемі шайып жүрсе, ауыз қуысындағыбактерияларды жояды.
Қыс және күз мезгілінде дене шынықтырып, күнделікті бой жазып, таза ауада серуендеп, дененің суыққа қарсылық қуатын жоғарылатса, тұмаудың алдын алуға болады.
Күнде таңертең терезені 30 минуттай ашып, бөлменің ауасын тазартып отыру қажет. Жас жем-жіміл мен қызыл шекерді лайықты мөлшерде қайнатып, шай орнына ішсе тұмаудан сақтануға болады.
Сірке суын қайнатып, үй ішін күнделікті булап тұрса, микробтар жойылады.
Күз мезгілінде өте қалың киініп алмау керек. Қалың киім дененің суыққа төзімділігін әлсіретеді.
Әр күні таңертең, жеңіл киіммен таза ауада 30 минут дене жаттығуларын жасау тұмаудың алдын алады.
Екі алақанды беттестіріп ысып, алақан ортасы ысығаннан кейін, мұрын желбезегінің артқы түбін қос бармақпен 10 рет уқалау керек.
Қызанақ, сәбіз, алма секілді көкөністер мен жемістерді үзбей пайдаланған жөн.
Тұмау және жұқпалы тұмауды емдеу
Тұмаудан тамақ қарлығып, жөтеліп, қақырық пайда болған кезде қара тұзды суға араластырып, ұйықтар алдында 1-2 қасық ұрттаса, тыныс алу жолдары кеңейіп, жөтел басылады.
Тазартылған бүтін күшаланы отқа шала пісіріп алғаннан кейін, сыртын қырып тастап, сүтке ашытып ішсе, тұмауға және өкпе ауруларына ем болады. Оны үнемі ішіп тұрудың пайдасы зор.
Жұтқыншақ ісініп, тамақ қарлығып, өкпе қысып, тоқтаусыз жөтелгенде, мұрыннан су ағып, көз жасаурап тұмауратқанда бір дана күшаланың сыртын қырып тастап, 500 грамм ерітілген сұйық майға қайнатып, майға күшаланың кермек, ашты дәмі шыққанда, ішу керек. Қалғанын жарты күннен кейін жылытып ішсе, осылай бірнеше рет жалғастырса тұмау сақаяды.
Майлы сорпа ішкенде немесе майлы ет жегеннен кейін, тамағыңызға май қатқандай болып жөтелсеңіз, онда өкпеңізде суық жел немесе бала күніңізде қызылшадан жел қалғандығы, яғни, өкпеңізге суық тиген болып есептеледі. Мұндайда бірер мәнерленген күшаланы қалтаңызда үзбей ала жүріңіз. Оны мұрныңыздың іші жыбырлаған кезде, аузыңызға салып, кермек дәмі шыққанша сорыңыз. Осы емді біраз уақыт жалғастырғанда, өкпеңіздегі жел немесе суық бірте-бірте жоғалып, майлы ет жеп, сорпа ішкенде ендігәрі таңдайыңызға май қатпайтын, тамағыңыз жыбырламайтын, жөтелмейтін, түшкірмейтін боласыз.
Тұмаудан дене қызуы 39/40 С шығып қызғанда шетеннің ұрығынан (шетен басындағы бүршігі) қайнатып ішсе, дене қызуы дереу қайтады.
Тұмаудан болған жөтелге 1 стакан қызыл арақты қайнатып, оған 1 дана тауық жұмыртқасын араластырып, ірімшік секілденгенде суытып жейді.
Сарымсақ пен 15 грамм шикі жеміс-жидек дайындап, оны жапырақтап турап, 1 шыны суға орталанғанша қайнатқан соң оған лайықты мөлшерде қызыл шекер қосып, жатар алдында ыстықтай ішсе тұмаудан айығуға көп септігін тигізеді.
«Жас-ай» журналы