Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиада жүлдегері Қазалының құрметті азаматы атанды

Олимпиада жүлдегері Қазалының құрметті азаматы атанды

ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Лондонда өткен 2012 Жазғы Олимпиада ойындарының қола медаль иегері Марина Вольноваға «Қазалы ауданының құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері, боксшы Марина Вольнованы қабылдап, «Қазалы ауданының құрметті азаматы» атағын табыстады.   Өз кезегінде, боксшы қыз ел ағаларына шынайы ризашылығын айтып, алдағы уақытта да ел сенімін атқауға бар күш-жігерін салатынын жеткізді. Айта кетейік, Мария Вольнова 1989 жылы Қазалы қаласында дүниеге келген. Алты жасынан бокспен айналысқан. 2005-2006 жылдары Қазалы қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо күресінен жаттыққан. Лондонда өткен 2012 Жазғы Олимпиада ойындарының қола медаль иегері. Бокстан Азияның (2010) чемпионы, әлем чемпионатының (2010) күміс медаль иегері, Қазақстан чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы.

inform.kz
08 қараша 2018 ж. 1 206 0