Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық балуан Әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

Қызылордалық балуан Әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді


Халықаралық жарыста қызылордалық балуан, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен сынға түст бұл туралы Zakon.kz тiлшiсi хабарлайдыі. Мықтылар бас қосқан бәсекеде жерлесіміз қола медальді иеленіп, жерлестеріне жеңіс сыйлады. Жалпы жарыста айтулы спорт түрінен Қазақстан құрамасынан екі спортшы ғана қола жүлдені еншіледі. Біреуі біздің жерлесіміз - Айдос Сұлтанғали болса, екіншісі - шымкенттік Мейіржан Шермаханбет. 60 келі салмақта боз кілемге шыққан Айдос бірінші белдесуде Украина спортшысын 6:1 есебімен ұтса, одан кейінгі кездесулерде Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, жапониялық балуанды 7:5, Әлем чемпионы, 5-ші жабық Азия ойындарының жеңімпазы қырғыз спортшысын 9:0 есептерімен айқын басымдықпен ұтты. Тек жартылай финалда ресейлік балуанға есе жіберіп қойды. Қола медаль үшін болған кездесуде Солтүстік кореялық қарсыласынан айласын асырып, үшінші орынға ие болды. Облыс тарихында 2005 жылы грек-рим күресінен ересектер арасында Ермек Көкетов Әлем чемпионатында қола жүлдегер болса, оның жетістігін ізбасары Айдос қайталады. Қазіргі таңда облыстың барлық аудандарында күрес түрлерінен секциялар жұмыс жасайды. Айтулы спорт түрімен өңірде 3000-нан аса спортшы айналысады. Спортшылардың осы спорт түрлерімен айналысуға күрес түрлерімен спортшылар көптеп шұғылданатын Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы, Жалағаш ауданы Мәдениет ауылы, Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылдарында жаңадан спорт кешендері салынып, балуандарға мүмкіндіктер жасалды. - Мықтылар бас қосқан жарыста жеңіс тұғырынан көріну үшін барымды салдым. Жалпы Әлем чемпионатына екінші рет қатысып отырмын. Өткен жылы Польшаның Быдгощ қаласында жастар арасында өткен Әлем чемпионатында үшінші орынды алған болатынмын. Биыл ересектер арасында алғаш рет бағымды сынадым. Бұл жолы еншіме қола медаль бұйырды. Бұл жеңісімді туған жерім – Қызылорда қаласының 200 жылдығына арнаймын, - дейді Айдос Сұлтанғали. Енді қызылордалық балуан келесі жылы Астана қаласында грек-рим күресінен өтетін Әлем чемпионатына дайындалады. Айта кетейік, бұған дейін А.Сұлтанғали 2015 жылы жасөспірімдер, 2016 жылы жастар арасында Азия чемпионы, 2017 жылы жабық кешендегі Азия ойындарының және Әлем чемпионатының қола жүлдегері атағын иеленген болатын


























Источник: zakon.kz



30 қазан 2018 ж. 1 026 0