Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасы дихандардың мәселесін шешуге септігін тигізуде
Биыл егіс науқанының қарсаңында Сыр өңірінде күріш өсірумен айналысатын шаруашылықтар үшін облыстық кәсіпкерлер Палатасы "Тыңайтқыштарды тиімді пайдалану және күріш өнімділігін арттыру" тақырыбында семинарлар өткізген болатын. Қызылорда облысы бойынша Zakon.kz тілшісі хабарлайды. Олардың қорытындысы бойынша кіші шаруашылықтарда тәжірибелі агрономдар мен техникаға қызмет көрсететін инженерлердің тапшылығы ескеріліп, күріш алқаптарынан жоғары өнім алу үшін "Тегін кеңес беру" қызметін бастау туралы шешім қабылданды. Бұл қызмет пилоттық режимде облысқа қарасты Сырдария ауданында қолға алынды. Сырдариялық кәсіпкерлер маманның жалақысы мен тасымалдау шығындарды көтеруді өздерінің жауапкершілігіне алады. Кеңес беруші маман ретінде зейнеткер-тәжірибелі агроном Кенжебек Әнапияұлы таңдалды. Осы бастаманың арқасында ауданд дихандары агроном отыратын кеңсеге барып, немесе егіс алқабына шақыртып қажетті нұсқама-кеңес алу мүмкіндіктеріне ие болды. Пилоттық жоба көп күттірмей-ақ өз нәтижесін берді. Күзгі жиын-терінде ауданының шағын шаруашылықтары өнімді әдеттегіден 10-15 центнерге артық жинады. Биыл облыс бойынша күріштің орташа өнімділігі гектарына 50-55 центнер болса, жобаға қатысқан шаруашылықтар гектарынан 67 центнерге дейін өнім жинады. Бастаманың сәтті нәтижесінен кейін қызмет көрсектен агрономға "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының алғыс хаты берілсе, аудан кәсіпкерлері оған бірлесе машина мінгізді. Алдағы уақытта кәсіпкерлер Палатасы "Тегін кеңес беру" қызметін облыстың өзге аудандарында да енгізуді жоспарлауда. Мұндай кеңес беру қызметтері Еуропа елдерінде жақсы жолға қойылған. Шаруашылықтар көп орналасқан өңірлерде осындай қызмет түрі ашылып, зейнет жасындағы тәжірибесі мол ауылшаруашылық мамандарды жұмысқа қабылданып, жас шаруашылықтарға сүйемелдеу жасайды, деп хабарлайды Палатаның баспасөз қызметі.
Источник: zakon.kz