Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сіріңке қалай жасалады?

Сіріңке қалай жасалады?


Ең алғаш сіріңке 1833 жылдың 10 сәуірінде ойлап табылған. Сол кезде сіріңкенің басының массасына сары фосфор енгізілді. Дәл осы күн алғашқы сіріңкенің туылған күні болып есептеледі.   Сіріңкені неден жасайды? Сіріңке өндіретін кәсіпорындардың көпшілігі оны көктеректен жасайды. Бұдан басқа жөке ағашын, терек және де басқа ағаш түрлерін пайдаланады. Сіріңке дайындайтын арнайы машина сегіз сағаттық жұмыс күнінде 10 млн экземплярға дейін өндіре алады. Сіріңке неге жанады? Біз шырпының басын қорап қабырғасына үйкегенде химиялық реакциялар сериясы басталады. Қорапқа жағынды жағылған. Ол қызыл фосфордан, толтырғыштан және желімнен тұрады.  Үйкелген сәтте қызыл фосфор бөлшектері аққа ауысады, ол қызып, 50 градусқа жеткенде жана бастайды. Алдымен сіріңке емес, қорап жанады. Қораптағы жағынды бірден толықтай өртеніп кетпеуі үшін оның құрамына флегматизатор енгізеді. Олар бөлінген жылудың біраз бөлігін жұтып алады. Сіріңкенің басының массасының жартысы – тотықтырғыштар, соның ішінде бертолет тұзы. Ыдырау кезінде ол оттегіні оңай береді. Бертолет тұзының ыдырау температурасын азайту үшін, массаның құрамына катализатор, яғни марганецтің қос тотығын қосады. Бұл жердегі негізгі жанғыш зат – қүқірт. Басы тез жанып және бөлшектеніп кетпеуі үшін массаға ұнтақталған әйнек, мырыш ағартқысы, темірден жасалған қызыл бояу сияқты толықтырғыштар қосады. Мұның бәрі бірге әртүрлі желімдермен біріктірілген. Қандай сіріңкелер бар? Жай (тұрмыстық) сіріңкеден бөлек, арнайы сіріңкелердің 100 жуық түрі бар. Олар өлшемі, түсі, құрамы және жану деңгейі бойынша ерекшеленеді.  Ең таралған түрлері: – дауылдық — су астында да, желде де жана береді; – қызулық — олар жылуды көп бөлетіндіктен, олармен дәнекерлеуге болады; – дабылдық — түрлі түсті жалын шығара алады; – алауошақтық және газдық— алауошақ және газ плитасын жағуға арналған ұзын сіріңкелер; – фотографиялық — сәттік жарқыл жасау үшін қолданылады.

Дереккөз: bilim-all.kz

02 қараша 2018 ж. 2 818 0