Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАРТЫ БАР ЕЛ ҚАЗЫНАЛЫ

ҚАРТЫ БАР ЕЛ ҚАЗЫНАЛЫ


«Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті», – деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, аталардан қалған аманат, ұрпаққа берілген ұлағатты ғибрат сөздер халықтың да асыл қазынасы.  Әр  ұлттың  өзіндікерекшелігі,  салт-дәстүрі,  тілі,ұлттық   мәдениеті  болатыныбелгілі.  Біздің  тәрбиеміздің тіні  деатаның өсиеті мен ананың  ақ  сүтінен дарыған. Яғни,  талбесіктен басталатын тәрбие  анаәлдиінен  және  атаныңқасиетті баталы  сөзінен   бастауалады. Жалпы, халқымыздыңәдет-ғұрпын,  дәстүрін,  тарихынбіліп, оны  қастерлеп,  бүгінімізбен  келешегіміздің  нәрліқайнарына  айналдыру – әрқайсымыздың  азаматтық  борышымыз. Қазақтар «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ежелгі дәстүріміздің ерекшелігі. Аманатты ақтау – өз болашағыңды сақтау. Әрине, қарттықты бастан кешіру – табиғи заңдылық. Ал, қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады.

1 қазан – қарттар күні мерекесіне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасында жыл сайын дәстүрге айналған мереке бар. Жоғары дәстүрге сай зейнет жасындағы ақсақалдарды шақырып, арнайы студенттермен бірге кеш өткіземіз. Ондағы мақсат – сол кісілердің ерен еңбегін жастарға паш ету, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру. Сондай кештер осы жылы да бір ретін тапты. Кешке келген қарттар өздерінің жастық шақтарынның бір күнін еске алғандай болса, студенттер олардың мейірімге толы әңгімелерін ұйып тыңдады. Және үлкеннің батасын алды. 
Бүгінгі таңда жастардың алдына да қойылып отырған мақсат-міндет аз емес. Әсіресе, жаңа технологиясы жаңғырған заман бедерінде жастарға білімді болу үлкен жетістік. Тәуелсіз ел мәртебесіне сәйкес, біздің мемлекетте тегін білім алып, ғылыммен шұғылданып, идея бөлісіп, оны жүзеге асыруға толық мүмкіндік жасалған. Терең білім шексіз мүмкіндіктер ашады. Оның үстіне бұл мәселе бойынша қазақстандықтардың мүмкіндігі шексіз екенін білу көңілге қуаныш ұялатады.Осындай орамды ойды тарқатқан ақсақалдардың ақыл-кеңесі ұрпақ тәрбиесінде шешуші рөл атқарып келеді.
Қазіргі кезде біздің мемлекетте қарттарға үлкен мән беріліп, үкімет тарапынан жан-жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.
Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы есте болар, сондағы оқиға ойға жиі оралады. Бір үйде төрт адам тұрады: Ата, бала, келін, немере. Олардың ара-қатынасы қызық. Келіні атасына шыны ыдысты сындырып алады деп, тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жонып отыр екен, одан шешесі сұрапты:
– Балам, не істеп отырсың?
– Тостақ. Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда осы тостақпен тамақ ұсынатын боламын, – депті баласы.
Бұл тәрбиенің әсері. Ұлт даналығында «Атаңа не қылсаң,  алдыңа сол келеді» дегенді білдіреді. Демек, әрбір бүгінгі жас ертеңгі ата-әже екенін ұққан дұрыс. Сол үшін үлкенге ізетпен қарау керек.
Ж.ЧУНЕТОВА,
әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың биология және биотехнология факультетінің доценті,  биология ғылымының кандидаты.
27 қазан 2018 ж. 2 608 0