Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері ауа райы жылы және жауын-шашынсыз болады 

Алдағы күндері ауа райы жылы және жауын-шашынсыз болады 

Синоптиктер 25-27 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. «Қазақстанның батысына Поволжья аудандарынан атмосфералық фронттар жылжиды, олар жауын-шашын, әсіресе жаңбыр және ауа температурасының төмендеуін тудырады. Республиканың қалған аумағында жақын арадағы екі тәулікте антициклон сақталады. Ол жылы және жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрады. Максималды ауа температурасы плюс 8…15 градус, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 18…23 градус, кей жерлерде плюс 28 градус дейін болады деп күтіледі. Тек 27 қазанда солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда атмосфералық фронттардың келуімен кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін», - деді «Қазгидромет» өкілдері.

www.24.kz
24 қазан 2018 ж. 1 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (9381)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031