Арықтауға арналған 5 сусын
Мамандардың артық салмақты дене шынықтырусыз-ақ азайтуға болатын, ағзадағы майды ерітетін ішімдіктер тізімін жариялады. Бұл тізімде көк шай көш бастап тұр. Көк шай ағаздағы зат алмасуды жылдамтатады. Астың қорытылуын реттейді. Сонымен бірге ол ағзадағы майды ерітетін флавонидтер мен кофеинге өте бай. Мамандардың айтуынша, арықтау үшін күніне 2-3 шыныаяқ көк шай ішіп отыру керек. Екінші орында қызанақ шырыны. Бұл сусыннан күніне бір шыныаяқ ішіп отырған адамның ағзасында, ішпейтіндерге қарағанда 50 пайыз аз май жиналады. Сонымен бірге қызанақ шырыны ағзадағы холестерин деңгейін төмендетеді. Бұл тізімде алма сірке суы үштікті қорытындылап тұр. Бұл сусын ағзадағы зат алмасуды жылдамтатып, нәтижесінде адам майдан энергия ретінде пайдаланады. Артық салмақтан арылу үшін күніне 2-3 ас қасық алма сірке суын суға араластырып ішкен абзал. Төртінші орында жанжабіл (имбирь) сусыны. Жанжабіл диетасы тамақ мәзірін өзгерткісі келмейтін адамдарға ұнайтыны сөзсіз. Бұл диета емес, арықтауға көмектесетін тамақтану жүйесі. Адамның артық салмақ жинауына зат алмасу қызметінің бәсеңдеуі себеп. Ас қорыту жүйесі бәсең болса, арықтау өте қиын. Жанжабіл — зат алмасуды тездететін табиғи әдістің бірі. Оның үстіне жанжабіл жүрек қан тамырлары жүйесін, қан жүру мен ас қорытуды жақсартады. Тізімнің соңын қарапайым су қорытындылаған. Күніне 8 шыныаяқ су ішу іштің ісуі мен ас қорыту жүйесінің бұзылуының алдын алады. Мамандардың айтуынша, күнделікті көп мөлшерде су ішу арықтаудың бірден бір кепілі екен.
Massaget.kz
Massaget.kz