Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалімнің мәртебесі туралы заң: Кімдердің жалақысы көтеріледі?

Мұғалімнің мәртебесі туралы заң: Кімдердің жалақысы көтеріледі?

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауында айтылған мұғалімнің мәртебесі туралы жаңа заңға сәйкес ұстаздардың жалақысын көтеру көзделген. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі BNews.kz-ке сілтеме жасап.«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2019 жылдан бастап шығындардың ұлғаюы көзделген. 2023 жылға қарай білім беру саласына жұмсалатын шығындар айтарлықтай артады. Бізге бөлінетін қосымша қаражат аясында 2019 жылдан бастап балабақша меңгерушілері мен әдіскерлердің және тәрбиешілердің жалақысы көбейеді. Сондай-ақ, мұғалімнің мәртебесі туралы заңның аясында мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының және сынып жетекшілердің жалақысын көтеру көзделген», – деді вице-министр үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, елбасы биылғы халыққа жолдауында 2019 жылы «Мұғалім мәртебесі туралы заң» әзірленіп, қабылданатынын айтты.

Stan.kz сайты.


14 қазан 2018 ж. 3 937 0