«Тау гүлінің» таланттары
Әже... Жарық әлемнің есігін ашқан әрбір адамға сәбилік сәттен жүрегіне жақын ардақты жан. Асыл дінін сүйген, бабалар дәстүрін дәріптеген әрбір қазақ үшін ықылым заманнан әже деген киелі ұғым. Ақ батасымен айналасын арайландырған, жүрегі махаббат пен шапағаттан жаралған әже атты абзал жандар – өнегелі өмірдің сыны мен сыры жайлы, шұрайлы шежіре шертетін тірі тарих.«Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым сары-ормандай самсаған» деген, белгілі әннің өлең жолдарында айтылғандай, әжелер туралы қанша жазсақ та, айтылар сөз ерекше.
Еңбегі ерен Еңбекші ауылында «Тау гүлі» әжелер ансамблінің құрылғанына 3 жылдың жүзі болды. Әрбір ісі өнеге, әр айтқан сөзінің тәрбиелік мәні зор әжелерден құралған ансамблдің құрамында 12 ана бар. Ансамбль мүшелерінің барлығы да бейнетінің зейнетін көріп, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған кемеңгер әжелер. Әр ауыл өз жетістіктерімен мақтанса, біз әжелерімізбен мақтанамыз, – дейді ауыл тұрғындары. Жуырда әжелеріміз «Шиелім, киелім, жыр елім» атты әжелер ансамблінің ән байқауында жүлделі ІІ орынды қанжығаларына байлап, алғыс хатпен, бағалы сыйлыққа ие болды. Әжелер ансамблінің құрамындағы жасы ең үлкені Мақсат әжейдің айтары көп.
– «Ел іші – өнер кеніші» дегендей, елде өнерлілер аз емес.Қарт Қаратаудың етегінен орын тепкен Еңбекші ауылында небір дүлдүл ақын-жыраулар, жазушы, от ауызды, орақ тілді, сөздің жүйесін тауып айтатын азаматтар дүниеге келген. Ынтымағы жарасқан ауылда еңбегі ешнәрсемен өлшеуге келмейтін азаматтар қаншама. Міне, сондай ауылдан шыққан біздер көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибелері мол әжелерден құралған ансамбль құрдық. Бұл өмір аналармен, ақ жаулықты әжелермен көрікті. Сондықтан, көпті көрген, бір өзі тұнып тұрған дала даналығы дейтіндей асыл жандар көп болса екен. Айналаға көркем мінезімен «ақ әже» болып жүрген «Тау гүлі» әжелер ансамбліне зор шығармашылық табыс тілейміз. Сондай-ақ, әжелерге әрқашан қолдау білдіріп, ардақты аналарымызға қамқорлық көрсетіп жүрген Халықберді Мыханов және Досжан Тұрғанбай азаматтарға аналық алғыс білдіреміз, – дейді ансамбль мүшелері.
Айнұр НАЗАРОВА.