Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Самал Еслямова Анталиядағы халықаралық фестивальда «Үздік актриса» атанды

Самал Еслямова Анталиядағы халықаралық фестивальда «Үздік актриса» атанды



Анталияда өткен 55-ші Халықаралық кинофестиваль жеңімпаздарының есімдері жарияланды. Биылғы Анталия Халықаралық кинофестиваліне 10 фильм, соның ішінде 2 түрік фильмі ұсынылды. Оларды 34 мың көрермен тамашалаған. «Үздік фильм» аталымында ирандық режиссер Джафар Панахидің «Үш Тұлға (Three Faces)» фильмі жеңіске жетті. Режиссердің өзі үйқамақта болуына байланысты, жүлде оның қызына тапсырылды. «Үздік актриса» аталымының жеңімпазы атағына - «Айка» фильміндегі рөлі үшін Самал Еслямова лайықты деп табылды.
«Үздік актер» наградасы «Капернаум» фильміндегі рөлі үшін Заин әл-Рафеаға берілді. Жапон режиссері Хирокадзу Корээда «Дүкен ұрылары (Shoplifters)» фильмі үшін «Үздік режиссер» атанды. Америкалық актер Эрик Робертске «Құрметті награда» табысталды. Айта кетейік, фестиваль 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өткен.
www.inform.kz
08 қазан 2018 ж. 998 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930