Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Huawei Kirin 980 процессорының қандай қабілеті бар? 

Жаңа Huawei Kirin 980 процессорының қандай қабілеті бар? 

Тамыз айының соңында Берлиндегі халықаралық көрмеде Huawei компаниясы алғаш рет жасанды интеллекті орнатылған бірегей Kirin 980 процессорын таныстырды. Қуатты 7-Hм технология 6,9 миллиард транзисторды 1 Cм 2-ге біріктіруге және процессор өнімділігін 40%-ға арттыруға мүмкіндік тудырды.  Kirin қосалқы жүйесінде қолданылатын Flex-scheduling интеллектуал механизмі үш деңгейлі қуатты архитектураны жасайды. Ол ядроның түрлі деңгейде қажет ететін ресурстарын өз орнымен бөледі. Осылайша процессор ұсақ процесстерге чипсеттің бүкіл қуатын құртпай, аккумулятор қуатын өздігінен үнемдеп, барынша өнімді жұмыс істейді. Бұл ұтымды шешім видео конвертациясы, максималды баптаудағы мобильді ойындарды ойнау кезінде іске асады.  Huawei DxOMark камерофондар рейтингінде бірінші орынды бермей келе жатқан Huawei P20 Pro смартфоны арқылы мобильді фото саласындағы өз кемелдігін дәлелдеп үлгерді.  Бірақ инновация бір орында тұрмайды, сондықтан Huawei өз қолданушыларына фотодан жанашыл әсер алу сыйлау мақсатында жаңа графикалык процессор (ISP) жасап, оны Kirin 980-ге орнатты. 46%-ға ұлғайтылған жаңа ISP көп камералы конфигурацияға және қимыл-қозғалысты мінсіз түсіруге жағдай жасайды. Қолданушы қимылдап тұрған адамды түсіргенде ISP оның контурларын 97,4% дәлдікпен қабылдайды. Одан бөлек жаңа чипсет ұлғайтылған HDR технологиясын қолданады. Ол суреттегі түрлі реңктерді оңтайлы,әсерлі етеді. Ал жарық нашар түскен суреттерге Kirin 980 шуды көп бағанды азайту арқылы өңдейді, ол артефактілерді білдірмей өшіреді.  Болжам бойынша жаңа процессормен жұмыс істейтін алғашқы смартфон Mate бизнес-легінің келесі смартфоны болмақ. Жаңа гаджеттер презентациясы Лондонда 16 қазанда өтеді. 

Massaget.kz
04 қазан 2018 ж. 858 0