2018 жылы шығарылған ең нашар телефондар аталды
Сарапшылар 2018 жылы шығарылған ең нашар смартфондардың рейтингін жасады. Аталған тізімде Samsung және LG үлгілері де бар, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Ең нашар смартфондардың рейтингін Қытай компаниясы шығарған Huawei Honor 9 Lite телефоны көш бастап тұр. Мамандар бұл смартфонды 32 Гб жады және батареясының әлсіздігі, сондай-ақ, 5,6-дюймдік дисплейі мен әйнегінің тым жұқалығы үшін ең нашар телефон деп тапты.Екінші орында Қытайдың Vivo V9 смартфоны тұр. Сарапшылардың пікірінше, оның сапасы өндіруші бекіткен 128 мың теңгеге сәйкес келмейді. Телефонның кемшілігі өте көп. Бұл смартфонның камерасы нашар және корпусы пластиктен жасалған. Сонымен қатар, оның microUSB ескі және деректерді жақын қашықтықта тасымалдауға арналған NFC мүлде жоқ.
Үшінші орынды Samsung Galaxy A8 смартфоны иеленді. Телефон 5,6-дюймдік дисплейіне және шағын жадына, сондай-ақ, 3000 мАч батареясына бола ең нашар смартфон деп танылды. Сонымен қатар, смартфонның экраны жеткілікті жарық емес. Оның үстіне жылдам қуаттағышы да жоқ.
Ал, LG G7 ThinQ телефоны төртінші орында. Мамандар бұл смартфон өз бағасын ақтамайды дейді. LG G7 ThinQ смартфоны 267 000 теңге бағасы және жеке сипаттамалардың жоқтығы үшін ең нашар телефондар қатарына кірді.
2018 жылы шығарылған ең нашар телефондардың тізімінде LG-Q7 + үлгісі де бар. Бұл телефонның камерасы тек жарық жақсы түсетін жерде ғана суретке жақсы түсіреді және батареясы да әлсіз.
Stan.kz