Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «SALEM VILLAGE» САУДА МАРКЕТІ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «SALEM VILLAGE» САУДА МАРКЕТІ АШЫЛДЫ

Көтерме маркеттің жалпы аумағы 350 шаршы метрді құрайды. Автокөліктерге арналған 30 автотұрағы бар. «Salem Village» сауда маркетінде тұрмысқа қажетті күнделікті пайдаланатын азық-түлік пен басқа да тауарлардың 2000-нан аса түрлері бар. Барлық тауарлар халыққа қолайлы бағамен ұсынылған.
Сауда орнында сөрелер қатарын «Salem Village» өнімдері сөресі толықтырады. Яғни, жергілікті сүт өнімдері халыққа ұсынылады. Сондай-ақ, «Сәлем Трейдинг» ЖШС-нің отбасылық наубайханасынан әзірленген нан өнімдері мен тәтті тоқаштар, бұған қоса, асханалық тағамның 25-тен аса түрлері сатып алушыларға күнделікті жеткізіліп отырады.
Айта кетейік, «Сәлем Трейдинг» ЖШС жүзеге асырған жобаның жалпы құны 65 млн. теңгені құрайды. Бастысы, жаңадан 22 адам жұмыспен қамтылады. Сердалы Бекшора көшесіне орналасқан көтерме маркеті өз жұмысын таңғы 08.00-ден бастап түнгі 03.00-ге дейін жалғастырады.

https://kyzylorda-news.kz
28 қыркүйек 2018 ж. 2 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930