Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Фильмдегі ғаламшардың шынайы нұсқасы табылды

Фильмдегі ғаламшардың шынайы нұсқасы табылды

Флорида университетінің астрономдары сипаттамасы бойынша "Жұлдызды жол" фильміндегі "Вулкан" ғаламшарына өте ұқсас, экзоғаламшарды ашты. Ғаламшар "Dharma Endowment Foundation Telescope" (DEFT) телескоп көмегімен анықталды. Нысан Жер ғаламшарынан 16 жарық жылы қашықтығында орналасқан. Флорида университетінің веб-сайтында жарияланған мәліметте экзоғаламшар "HD" 26965 жұлдызын айнала қозғалады, ол сондай-ақ 40 Эрдиан А деп те аталады. Бір қызығы, "Жұлдызды жол" фильміндегі Спок атты кейіпкердің "Вулкан" атты ғаламшары да 40 Eridian А жүйесінің екінші ғаламшары. Жаңа ғаламшар Жерден екі есеге үлкен. Өз жұлдызын 42 күнде айналып шығады.  Зерттеушілер "HD" 26965 жұлдызы Күннен біраз суық және кішкентай екенін анықтады. Сонымен бірге олардың пайда болған уақыты бірдей және іс жүзінде бірдей магниттік белсенділік циклдеріне ие. Ғалымдардың пікірінше, бетіндегі жоғары температураға қарамастан анықталған экзоғаламшарда өмір сүру қолайлы болуы мүмкін.

Massaget.kz
20 қыркүйек 2018 ж. 1 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (9371)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031