Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕҢСЕЛІ ЕГЕМЕНДІК (Қайраткерлікпен келген қаhармандық хақында)

ЕҢСЕЛІ ЕГЕМЕНДІК (Қайраткерлікпен келген қаhармандық хақында)

“Қоғам мықты!”
Естімедім ерекше есім одан мықты.
Төскейге табан тіреп тұрақтадық.
Белінен басып біздер бодандықты.

Бағы асады,
Тілеулес боп, Тәңірім қарасады.
Тәуелсіздік қазақтың – төлқұжаты,
Төл таңбасы десек те жарасады.

Құбылған кім!?
Тасасында тұрмадық тығылғанның,
Азаттық-ау, атыңнан айналайын,
Орнаған арқасында қызыл қанның.

Ұғынамын!
Ұлғайтсын ұлы жолда ұлың әнін,
Ұлтымның түспесін деп ұнжырғасы.
Желтоқсандық жалынға жылынамын.

Сезінемін!
Керек кезде кідіріп, кезігемін.
Есті жиып елімнің ертеңі үшін,
Ет жүрекпен елжіреп езілемін.

Мойындаймын!
Татуы жоқ теңдікке тойынбаймын,
Мұқалып, мүжілуі мүмкін емес.
Шайқалып, шабылмайтын шойын қайғым.

Егілмеймін!
Тоз-тоз болып, тас болып терілмеймін,
Алдында алабөтен ағайынның,
Балақ ұстап, бас иіп берілмеймін.

Ардақтаймын!
Шағылмаған, шашылған жаңғақтаймын.
Қаракөз қарындасты ендігәрі,
Сәбирадай, Ләззаттай зарлатпаймын.

Алаңдаймын!
Шибөрі-шағалдарға таланбаймын.
Шешенсіп ши шығармай сөйлейтұғын,
Шарасыз, шақша басты балаңдаймын.


Арықтау үшін ішкен дəрісі шынында, артықтау еді...
* * *
Ермек әйелінің емделіп шығуына орай отырыс ұйымдастырды. Дастарқан басында інісінің есімі бірнеше рет қате айтылды.
* * *
Бұл – оның екінші баласының шетінеуі. Бұған дейін де екі мəрте түсігі “сəтті” шыққан еді...
* * *
Ол көпшіліктің алдында ең жақсы өлеңімді оқыдым деп ойлады.
* * *
“Еу, бауырым, әмияның түсіп қалды”, - деп айғайлады да, парызымнан құтылдым дегендей сыңай танытып, теріс қарады. Ал, әлгі жігіт саңырау еді.
* * *
“Ұрлаған адамның қолы кесілсін!” деп қарғағаннан кейін ғана сол іске өзінің қатысы бар екенін түсінді.
* * *
Мәйітханадағы күлкіге бірнеше қызметкер қатыса алмады.
* * *
“Футболға бара алмаймын” деді күліп. Өйткені, бүгін аяқкиімнің ағасында болатынын жақсы біледі.
* * *
Əкесі ішіп алған, мастықтан жылады. Анасы əкесінің ісіне жылады. Баласы шешесін аяп, əкесінің ішкеніне ашынып жылады. Тағдыр...
* * *
20-қабат. Бойжеткен төменге қарап түкіріп тұр. Тек, төменге емес, өткен өміріне түкіріп тұрған болатын. Сəл уақыттан соң, жерге түкірігінен бұрын топ ете қалды.
24 желтоқсан 2017 ж. 853 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930