Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » APТEPИAЛДЫ ҚАН ҚЫСЫМЫ: КЕЗДЕСЕТІН 9 ҚАТЕЛІК

APТEPИAЛДЫ ҚАН ҚЫСЫМЫ: КЕЗДЕСЕТІН 9 ҚАТЕЛІК


Артериалды кан қысымын өлшеу – өте жауапты процесс, оған тіпті өмірің де тәуелді болуы мүмкін. Қысымды дұрыс өлшемеу үлкен тәуекелге бастамашы болатын дәрі мөлшерін дұрыс есептемеуге алып келуі ықтимал.

Сарапшылардың пайымынша, көптеген адамдар қысымды өлшеген кезде қателіктерге бой алдырады. Одан жалтарудың жолы оңай. Ол үшін мына ақыл-кеңестерді білген жөн.

1 қателік: Өлшеуді қажетті емес қолдан өлшеуБұл да қате мәнге алып келеді. Іс жүзінде артериалды қысымды екі қолдан да өлшеуге болады. Дегенмен, бір қолда ол барлық уақытта да жоғары болады. Сондықтан гипертония барысында қай қолыңызда қысым жоғары болса, сол қолдан өлшеген дұрыс.

2 қателік: тонометр манжеті тым тығыз кигізілген.Бұл да дұрыс емес мәнді көрсетеді. Артериалды қысым, іс жүзіндегіден жоғары көрінуі мүмкін.

3 қателік: тонометр манжеті тым кіші
Мұндай жағдай салмағы шамадан тыс адамдарда кездеседі. Олардың қолдары тым жуан болғандықтан, манжет барынша тар болады. Мұндай жағдайда датчик мәні дұрыс болмауы ықтимал.

4 қателік: киім жеңдері қолдың жоғары бөлігін қысадыБұл жұқа блузка немесе көйлекке қатысты емес. Өйткені, манжет олардың үстінен де кигізілуі мүмкін. Тек тығыз әрі қалың материалдан тігілген киім ғана тонометрдің мәніне ықпал етеді. Сондықтан қысымды өлшеу барысында мұндай киімді шешіп қойған жөн.  

5 қателік: қысымды өлшеу барысындағы қате дене тұрысыТонометр манжеті барлық уақытта да жүрек тұсында болу қажет. Сол кезде ғана өлшем мәні іс жүзіндегі мәнге сай келетін болады. Егер манжет жүрек деңгейінен жоғары болса, онда мән айтарлықтай төмен көрсетіледі. Керісінше, егер өлшем нүктесі жүрек деңгейінен төмен болса, онда көрсетіш барынша жоғары болмақ.

6 қателік: қысымды тамақтан кейін бірден өлшеуТүскі аста тойып тамақ ішкеннен кейін қанның басым бөлігі ас қорыту органдарына түседі және қан қысымы құлдырайды. Сондықтан шамамен бір сағат күтіп, содан кейін ғана қан қысымын өлшеуге кеңес беріледі.

7 қателік: алкогольді, шайды немесе кофені шамадан тыс ішуАталған үш сусын да өлшемнің теріс нәтижелеріне алып келеді. Мәселен, алкоголь алдымен қан тамырларын кеңейтіп, қан қысымын төмендетеді. Дегенмен, тез арада қан қысымы күрт көтеріліп кетеді. Сондықтан да алкогольді үнемі тұтыну қысымды тек арттырады.  Сонымен қатар шай немесе кофе ішкеннен кейін қысым бірнеше сағат бойы жоғары болады.

8 қателік: тым жылдам өлшеуАсығудың қажеті жоқ. Әрбір өлшеу алдында отырған күйде 3-5 минут ішінде бірнеше рет терең тыныс алу қажет. Сонда ғана өлшем мәні дұрыс болып шығады.

9 қателік: қысымды ұялы телефонмен сөйлесіп тұрып өлшеуБұл барлық уақытта артериалды қысымның жоғары мәніне алып келеді.

Дереккөзі: orthodox.od.ua
16 қыркүйек 2018 ж. 26 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (8627)

25 қыркүйек 2018 ж.

№71 (8626)

23 қыркүйек 2018 ж.

№70 (8625)

17 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам