Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Өмірдің 5 шындығы

Өмірдің 5 шындығы


1.Сіз адамды өзгерте алмайсыз.Тек белгілі бір дәрежеде оған әсер етуіңіз мүмкін, бірақ оны толықтай өзгерте алмайсыз.Тауға қарап қанша айқайласаң да, ол тас болмайды, яки тасқа қарап қанша айқайласаң да, ол тау болмайды. Сол сияқты басқа адамға қанша жерден ақыл айтып, өзгертуге тырысқанымен, ол бәрібір өзінің сана шеңберінен асып кетпейді.
2.Барлығының көңілінен шыға алмайсыз.Әлемде қанша адам өмір сүрсе, сонша ой-пікір,талғам мен талас бар.Сіздің өмір салтыңыз біреуге ұнағанымен, екінші біреудің көңілінен шықпауы мүмкін.Қанша жерден жақсылық жаршысы болып, дұрыс жолды тізгіндегенімен, сол жолда сізді қабуға дайын төбеттер, сынауға дайын төрешілер табылады.
3.Ешкімнің ешкімге өткізіп қойғаны жоқ.Біз өмірге ешнәрсесіз келдік, ешнәрсесіз өтеміз.Дүние есігін ашпай тұрып «талап пен көмек» келісімшартына қол қойған жоқпыз.Адамның күні-адаммен, жақсылық жасап, қол ұшын беру-сауапты іс.Бірақ көмек сұрау мен талап ету-екі түрлі нәрсе, көмек сұрауға болады,алайда «ата-бабасынан бері өтісі бардай» міндет қылу дұрыс емес.
4.Адам тек іспен сыналады.Сөз жүзінде қанша керемет болсаңыз да, басты акцент сіздің әрекетіңізге қойылады.Ауызбен қатыру жағына келгенде бәрі де ұста, бірақ іс жүзінде санаулы адам ғана сөзінің нәтижесін көрсете алады.Сөзіңіздің майын тамызып, шебер тіл мен шешен сөзге жетік болсаңыз да, шыққан сөз бен жасалған әрекетте еш сәйкестік болмаса, көпірме сөздің құны-көк тиын.
5.Өміріңіздің күзетшісі-өзіңіз.Өмірді үйге теңейтін болсақ, сол үйге кірушілерді қадағалайтын да, іштегілерді қуатын да-сіз.Есікті ашып кім көрінгенді өміріңізге кіргізіп, іштегі құнды дүниелермен таныстырып,тіпті кілтке дейін беріп, хаосқа айналдыруға жол беретін де тағы өзіңіз, басқа ешкім емес.Біреу мойныңызға мінсе, кінәні одан емес, өзіңізден іздеңіз.Өйткені сіз қатты еңкейіп мойныңыздың төрінен орын бермесеңіз, ешкім де оған жайғаса алмайды.
massaget.kz
16 қыркүйек 2018 ж. 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (8642)

16 қараша 2018 ж.

№86 (8641)

13 қараша 2018 ж.

№85 (8640)

10 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам