Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін 4 облыста үсік жүреді

Бүгін 4 облыста үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, 14 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстігінде фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, кей жерде найзағай ойнайды. Жекелеген аумақтарда жел күшейеді. Оңтүстікте оған шаңды дауыл араласады. Шығыста және оңтүстік-шығыста тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облыста күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерінде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-25 м/с артады.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының, күндіз Атырау облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында оған шаңды дауыл араласады.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.
Түнде Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.
Ал Қарағанды облысында 1-6 градус үсік болжанады.


Baq.kz
14 қыркүйек 2018 ж. 1 598 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930