Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 27 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді

Қызылорда облысында 27 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді

Аталған облыстың тұрғыны Юля Панащук бірден үш қыздың анасы атанды, деп хабарлайды Казинформға сілтема жасап Stan.kz.

Қызылорда облысында 27 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді
Қыздарға Радмила, Анастасия және Алина есімдері берілді. Олардың салмақтары 1,7-1,8 келі болған. Нәрестелердің анасын облыстық «Ана мен бала» орталығының дәрігерлері босандырды.
Қыздардың анасы Юля Панщук аман-есен бүлдіршіндерін қолына алғанына орталық қызметкерлердің ұжымы үлкен үлес қосты дейді. Ол дәрігерлерге деген зор алғысын айтып, орталықтың басшысы Гүлнәр Жұмашеваға ерекше ықыласын білдірген.
Панщук отбасында бұл үш қыздан бөлек үш ұл тәрбиеленіп жатыр. Аталған перинаталдық орталығында 180 егіз балалар жарық көрген.
Естеріңізге салсақ, осы айда Түркістан облысында үшемді дүниеге әкелген 23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанған болатын.

http://stan.kz/
08 қыркүйек 2018 ж. 1 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930