Ересектерге балалар кремін қолдануға бола ма?
Сәбилердің нәзік терісіне зиян тигізбес үшін балалар кремі тек табиғи компоненттерден жасалады. Олардың ішінде биобелсенді қоспалар, май мен сулардың бірнеше түрі бар. Тиімділігінің және жұмсақ құрамының себебінен балалар кремін көптеген әйелдер де қолдана бастады. Балалар кремін қолдану тәсілдері Балалар кремі теріні ылғалдандырады, иілгіштігін арттырып, жұмсартады және қабынуды кетіреді. Құрамына глицерин, түймедақ сығындысы мен түрлі дәрумендер кіретін қоспаны сезімтал және құрғақ теріге пайдалануға болады. Крем теріні ультракүлгін сәулелерден, жел мен суықтан қорғайды. Халық медицинасында безеуді емдеу үшін балалар кремін пайдалану ұсынылады, өйткені оның қабынуға қарсы және тыныштандыратын қасиеті бар. Осы мақсатта оны бірнеше апта бойы күнделікті қолданады. Әсерін арттыру үшін кремге қырмызы мен эвкалипт майын қосуға болады. Балалар кремі терінің керілуі кезінде жақсы көмектеседі деген пікірлер жиі айтылады. Бұл қоспа теріні ылғалдандырып, иілгіштігін арттырады. Балалар кремінің әсерін арттыруға мумие көмектеседі. Тері керілуінің алдын алатын қоспаны дайындау үшін: - 1 түтік балалар кремі; - 4 грамм мумие қажет. Мумиені аз мөлшердегі суда ерітіп алып, балалар кремімен араластырыңыз. Қоспаны терінің проблемалы аймағына жағыңыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз. Балалар кремін шаш маскасы ретінде де пайдалануға болады. Ылғал шашқа кремді жағып, жарты сағаттан кейін жуып тастаңыз. Оны түрлі маскалар жасауға қосымша компонент ретінде де пайдалануға болады. Балалар кремін солярийде немесе күн сәулесі ваннасын қабылдағанда пайдалануға болады. Бұл қоспа теріні ультракүлгін сәулелерден қорғайды және терінің күймеуіне себеп болады. Балалар кремін тұтынуға болмайтын жағдайлар Кейбір косметолог мамандар ересек адамдардың балалар кремін пайдалануы дұрыс емес деп есептейді. Шынымен де, кремнің құрамына кіретін ланолин теріні жұмсарып, жібектей етеді. Бұл қоспа сәбидің терісіне аса қажет, өйткені балалардың терісі жиі жаңаратындықтан табиғи қорғаныш қабаты түзеліп үлгермейді. Ланолинді қабат ересек адамға аса пайдалы емес. Оның кесірінен теріден зиянды боқаттар шықпайды, зат алмасу процестері тежеліп, эпидермистің өлі жасушалары бір-біріне жабысып қалатын болады. Нәтижесінде бет терісі ісіңкі болып тұрады да, әжім тегістелгендей әсер болады. Осылайша тері жасушалары құрғап, тері тесіктері боқаттарға тола бастайды. Осылайша балалар кремін бірнеше апта қолданғаннан кейін бет терісі бұрынғыдан бетер бүлінеді. Сондықтан, бұл қоспаны күнделікті қолданысқа енгізбеген жөн.
Massaget.kz
Massaget.kz