Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бет күтіміне арналған сиқырлы қоспа

Бет күтіміне арналған сиқырлы қоспа

Кез келген әйел заты өмір бойы әдемі болуды қалайды. Алайда бұл үшін арнайы уақыт бөліп, күтім жасау керек. Бұл орайда сізге майсана майы көмекші бола алады. Ол тек шашқа арналған ингредиент емес, әжімдерді жазатын, целлюлиттің алдын алатын сиқырлы құрал. Майсана майы – кез келген дәріханадан табылатын арзан дәрмек. Сол себепті, оны жиі пайдаланып тұруға болады. Құрамындағы Е дәрумені шаш пен кірпікті өсіруге көмектеседі. Сонымен қатар, бұл дәрумен терінің жұмсақ, созылғыш болуына әсер етеді. Ал құрамындағы антиоксиданттар мен өсімдік ақуыздары тері саулығына пайдалы. Майсана майы бет терісіне қалай әсер етеді? Ол теріні нәрлендіреді және ылғалдандырады. Майсана майы теріге тереңдеп кіре алатындықтан, беттегі дақтар мен секпілді емдей алады. Құрамындағы антибактериалды элементтер безеу мен бөртуді емдеуге көмектеседі. Демек, майсана майы қыздарымыздың көп проблемасын шеше алады деген сөз. Әжімді жазатын маска 1 ас қасық майсана майын 1 шай қасық зәйтүн, шырғанақ майымен араластырыңыз. Бетке жағудың алдында қоспаны қыздырып алыңыз. Майды мақтамен бетке жағып, 2-3 минут бойы уқалаңыз. Масканы 30 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Әмбебап маска Бұл маска беттің кез келген типіне сәйкес келеді. Ол бетті жылтыр әрі балғын етеді. 1 ас қасық майсана майын жұмыртқаның сарысымен араластырып, шанышқымен көпіршітеді. Қоспаны бетке жағып, жарты сағаттан соң жылы сумен жуыңыз. Құрғақ, солғын бетке арналған маска Қайнаған картопты ыстық күйінде шанышқымен езіп, жұмсартыңыз. Оған 1 ас қасық жылы сүт, майсана майы мен жұмыртқа сарысын қосып, араластырыңыз. Езбені бетке қалың етіп жағыңыз. Қоспа суыған соң жуып тастауға болады. Сергітетін маска Жасыл алманың қабығын аршып, үккішпен үгітіңіз. 1 ас қасық майсана майымен араластырып, қоспа дайындаңыз. Алманың орнына апельсин, жүзім, мандарин не киви пайдалануға болады. Бұлардың құрамында С дәрумені мол. Масканы 15-20 минуттан соң жылы сумен жуып тастау керек. Ағартатын маска Беттегі секпілді азайту үшін 1 шай қасық майсана майын 1 ас қасық қияр жұмсағымен араластырып, қоспа дайындаңыз. Оған 1 шай қасық лимон шырынын не 1 ас қасық айран қоссаңыз, әсері жақсара түседі. Бетке жағып, 15 минуттан соң жылы сумен жуыңыз.

Massaget.kz
03 маусым 2018 ж. 6 330 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930