Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде сатиралық жаңа телеарна ашылды

Елімізде сатиралық жаңа телеарна ашылды

1 қыркүйектен бастап елімізде ойын-сауықтық «Tamasha tv» телеарнасы эфирге жол тартады. Оның басшысы болып Есен Елеукен тағайындалды.

Жаңа телеарна OtauTV және iDTV пакеттерінде HD форматында қолжетімді болады. Сондай-ақ, алдағы уақытта басқа да кабельдік операторларда  SD форматта таратылмақ.
«Tamasha tv» арнасы «Әзіл әлемі» «Жайдарман», « Хаха-шоу», «Әзіл man», «Көңілді тапқырлар алаңы», «Қызық екен», комедиялық  телехикаялар  және қызықты жобаларды ұсынбақ. Телеарнаның орташа тәуліктік хабар тарату уақыты 22 сағатты құрайтын болады. 
Сондай-ақ, жаңа телеарнада  телерадиокорпорация мұрағатында жылдар бойы  сақталған, кезінде көрерменнің көңілінен шыққан танымал ойын-сауықтық бағдарламалар  эфирге қайтадан оралатын болады.
29 тамыз 2018 ж. 1 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31