Әр елдің салты басқа...
Тәртіп және этикет – күрделі ғылым. Бұл тұрғыда үйге кірерде амандасуды немесе қай салатты қай шанышқымен жеуді ғана білу аздық етеді. Бір елдегі сыпайылық белгісі басқа елдерде өрескелдік саналуы болуы мүмкін. Сол себепті келесі жағдайларды біліп жүргеніміз ләзім. Түкірік – құрмет белгісі. Қағидаға сай, орынсыз түкіру әдептілік белгісі емес. Әлдекімнің маңайына түкіру тіпті, оны қорлаумен тең болып есептеледі. Ал АҚШ-та түкіру – полицей қызметкеріне шабуыл жасау болып саналады. Масайлар ұрпағы Орталық Шығыс Африкада түкіруге мүлдем басқаша қарайды. Олар қол алысып амандасар алдында және амандасқаннан кейін алақандарына түкіреді. Ол жақта сыпайы балалар үлкендерден қою түкірікті қыңқ демей қабыл алады, себебі ол үлкендердің балаға ұзақ ғұмыр тілеуімен пара-пар. Сораптау – алғыс айту белгісі. Бірнеше елде көпшілік ортада сорпаны сораптап ішу түсініксіз көзқарас туғызады. Ал Азияның Қытай, Жапония секілді елдерінде сорпаны ұрттап-ұрттап ішу – оны дайындаған адамға көрсетілген ең жоғары құрмет болып есептеледі. Бұл сорпаның дәмі тіл үйірерлігі сонша, суығанға дейін шыдамай ішіп отырмын деген белгі. Адам сорпаны сораптамай ішсе, ол тамаққа разы еместігін көрсетеді. Жапонияда шай ішуге қатысты да осындай қағида қалыптасқан. Шайды соңғы жұтымына дейін ұрттап-ұрттап ішсе, одан кейін ішпейтінін және риза екенін білдіргені. Тіліңді шығару – әртүрлі мағына. Көптеген халықтарда тілін шығару қызбалық немесе мазақтау әрекеті ретінде көрінеді. Ал кейде тіпті кемсіту секілді қабылданады. Дәл осы себепті Италияда айыппұл салынады. Индияда тіліңді көрсету заңсыздық болмағанымен, наразылық ретінде танылады. Біздің ғалам байтақ, сондықтан мұнда түрлі-түрлі тәсілдер кездестіруге болады. Жаңа Каледонияда тіліңді шығару ақылдылық пен күш-қуат тілеу болып қаралады. Тибетте тіл шығару құрмет белгісі, біреуді қатты құрметтегенде тілін жалақтатады. Каролин аралында тіл шығару – шайтандарды қуу тәсілі. Гүлдер – әрдайым әмбебап сыйлық емес. Гүлдерді әдетте алғашқы кездесуге, мектеп бітіру кешінде, үйлену тойында да сыйлап жатады. Бір шоқ гүл сауығып кету не кешірім сұрау белгісінде де жүреді. Адамды соңғы сапарға да гүлмен шығарып салып жатады. Бірақ кейбір мәдениетті елдерде гүл – құрметсіздік белгісі. Хризантема, гладиолус, лала гүлдері секілді ақ түсті гүлдер қазалы жағдайды білдіргендіктен, көп елдерде жаназаға қолданылады. Германия мен Францияда қалампырмен табытты көмкереді. Егер біреуге Францияда қалампырды не Қытайда ақ түсті гүлді сыйласаң, өлім тілеумен тең. Сары түсті гүлдер орыс халқы үшін ұрыс-керіс шақырады, Иранда да жағымсыз қарым-қатынасқа әкеледі. Ал Италия мен Бразилияда күлгін түсті гүлдер – сәтсіздік. Германия мен Италияда қызыл түсті гүлдер, әсіресе раушандар – романтикалық арақатынас туғызады. Чех Республикасында гүлдер толығымен романтикалық сыйлық болып саналады.
Massaget.kz
Massaget.kz